Бас жаңалықтар
Сенатта лотерея қызметіне қатысты заң жобасы талқыланды
02 Маусым 2020, 20:10 110

Сенатта лотерея қызметіне қатысты заң жобасы талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лотереялар және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы қаралды.

Отырыста ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Өркен Бисақаев және Сенат депутаты Манап Көбенов баяндама жасады.

Заң жобасының негізгі мақсаты – лотереялар және лотерея қызметі саласындағы қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің тетігін жетілдіру.

Заң жобасы лотерея таратушының (агентінің) қызметін реттейді және осы бағытта қолданылып жүрген құқықтық кемшіліктердің орнын толтырады. Бұл өзгерістер азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерінің қорғалуын күшейте түседі, сондай-ақ лотерея қызметін реттейтін уәкілетті органның жедел іс-қимылын қамтамасыз етеді.

Заң жобасында лотерея операторы болып саналмайтын адамдардың лотерея өткізгені үшін жаңа әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Жарнама туралы заңнамаға сәйкес лотерея операторы мен таратушыларынан бөлек өзге тұлғалардың лотерея жарнамасын орналастыруына да тыйым салынып отыр, - деді Манап Көбенов.
Талқылау қорытындысы бойынша құжат Палата қарауына жолданды.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...