Сенатор ату туралы ұсыныс жасады

24 Шілде 2020, 15:25
3185
Бөлісу:
Сенатор ату туралы ұсыныс жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп Сәтбаевтағы оқиғадан кейін педофилдерді ату керек деп отыр. Бұл туралы сенатор facebook-парақшасында жазды.

Айуанды атуға болады! Азғындық жолға түсіп, адамдық қасиетінен айырылған адамды біздің қазақ "айуан" дейтін… Жалғыз Сәтбаев қаласында ғана емес, республика көлемінде педофил көбейді. Бұл – айуандар көбейгенін аңғартады. Құтырған иттің өзін атып тастаймыз! Адамнан айуанға айналғандарды неге атуға болмайды?!. Айуанға адам құқығы деген мүсіркеумен қарауға болмайды, – деп жазды Нұртөре Жүсіп.
Айта кетейік, 23 шілде күні кешкі сағат 9-да Қарағанды облысына қарасты Сәтбаев қаласының Ішкі істер басқармасына 5 жасар қыздың жоғалғаны туралы арыз түскен. Дереу іздестіру нәтижесінде бүлдіршін қаладағы бір үйден табылған. Жас қызды зорлады деген күдікпен бір азамат қамауға алынды.
Өзгелердің жаңалығы