Щегорцова саяси партиялардың қатысуымен өткен телевизиялық пікірсайыстар туралы айтты

8 Қаңтар 2021, 19:02
1067
Бөлісу:
Щегорцова саяси партиялардың қатысуымен өткен телевизиялық пікірсайыстар туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ОСК-да «Сайлау алдындағы үгіт жүргізу қорытындылары» тақырыбында өткен онлайн брифинг барысында ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова айтты.

Өткен жылы сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясында саяси партиялардың телевизиялық пікірсайысы ұйымдастырылды. Яғни 30 желтоқсанда Khabar телеарнасының тікелей эфирінде саяси партиялардың қатысуымен дебат өтті. Регламент бойынша қатысушаларға теңдей мүмкіндік берілді. Сондай-ақ, телевизиялық дебаттар Qazaqstan арнасының тікелей эфирде 22 желтоқсанда және 26 желтоқсанда КТК арнасында өткізілді, - деп түсіндірді ол.

ОСК мүшесі аталған пікірсайыстарды телеарналар ұйымдастырғанын және оның ақылары саяси партиялардың сайлау қорларынан төленгенін айтты.

Брифинг кезінде Щегорцова Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттардың үгіт-насихат қызметіне тоқталды.

ОСК-ның қаулысына сәйкес 2020 жылдың 24 желтоқсанынан бастап Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттардың шығыны белгіленген. Бұл шығындар кандидаттардың сайлауалды үгіт жұмыстарына, сондай-ақ жол-көлік шығындарына бөлінген. 3 телеарнада үгіт-насихат видео материалдар жарияланған, республикалық және өңірлік баспасөзде 11 жазба, өңірлердегі Достық үйлерінде ҚХА кандидаттарымен, мүшелерімен кездесулер ұйымдастырылды, - деді ОСК мүшесі.
Сонымен қатар, ZOOM платформасы арқылы онлайн кездесулер өткізілді.
Өзгелердің жаңалығы