Сауран ауданында 50 жыл бұрын аманатталған хат салтанатты түрде ашылды

6 Мамыр 2022, 20:33
2100
Бөлісу:
Сауран ауданында 50 жыл бұрын аманатталған хат салтанатты түрде ашылды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жеңіс мерекесінің 77 жылдығы қарсаңында Сауран ауданы Жүйнек ауылдық округінде 1971 жылы ұрпаққа аманат етіп жазылған өсиет хатты салтанатты түрде ашу рәсімі өтті.

Алқалы жиынға Сауран ауданының әкімі Ғани Рысбеков, облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Эльмира Жанғазиева, сондай-ақ этнос жастары мен жергілікті тұрғындар қатысты.

Сауран ауданында 50 жыл бұрын аманатталған хат салтанатты түрде ашылды

Іс-шара барысында осыдан 50 жыл бұрын жерге көмілген бабалар өсиеті алынып, онда жазылған жүйнектік 149 соғысқа қатысушылардың тізімі оқылды. Жиында белгілі болғандай, бабалардың өсиет хатын 1971 жылы С.Азимова жазып, арнайы капсуламен жерге қойып, сақтаған. Сол кезде 10-сынып оқушысы болған С. Азимова бүгінде 4 перзенттің аяулы анасы, 16 немеренің ардақты әжесі.

Сауран ауданында 50 жыл бұрын аманатталған хат салтанатты түрде ашылды

Салтанатты шарада аудан әкімі Ғ. Рысбеков жарты ғасыр тарихы бар хатты ашып, ізгі лебізін білдірді.

Майдангерлердің халықтың бейбіт ғұмыр кешуіне қосқан үлесі зор. От пен оқтың ортасында Отан үшін жанын қиған батыр бабаларымыздың рухына тағзым жасау - біздің борышымыз. Ел үшін есіл өмірін қиған ерлердің жанкештілігі мен қайсарлығы, батырлығы мен отансүйгіштігі бүгінгі ұрпаққа үлгі. Тұрақтылық пен бейбітшілікті ту еткен егемен еліміздің басынан бақ таймай, бірлігіміз жарасып, ынтымағымыз нығая берсін, - деді Ғани Құрмашұлы.

Сауран ауданында 50 жыл бұрын аманатталған хат салтанатты түрде ашылды

Тарихи сәттің куәсі болған көпшілік қауым да толқынысын жасырған жоқ. Хатта соғыста қаза тапқан ерлердің есімі жазылып, соғыстан кейінгі халықтың тұрмысы баяндалған. Сондай-ақ соғыс батырларының ерлігі суреттеліп, келер ұрпаққа өсиет жазылған.

Өзгелердің жаңалығы