Тоқаевтың алдында сарбаздар сап түзеді

12 Маусым 2019, 11:46
1929
Бөлісу:
Тоқаевтың алдында сарбаздар сап түзеді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елорда өткен Қазақстан Республикасының президентін ұлықтау рәсімінен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан қарулы күштерінің шеруіне қатысты. 

Қасым-Жомарт Тоқаев көк туды сүйіп, президент куәлігін алды. Инаугурация кезінде өзінің болашақтағы жоспарларымен бөлісті. Елін жарқын болашаққа жетелеуге уәде еткен Тоқаевты кейін Тәуелсіздік сарайының алдында Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев күтіп алып, ұлықтау рәсімінің құрметіне Жоғарғы Бас қолбасшы алдында сарбаздар сап түзеді.

Тоқаевтың алдында сарбаздар сап түзеді

Сосын шеруді  ҚР қарулы күштері құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы Марат Құсайынов бастап жүрді. 

Айта кетейік, 28 жыл бойы Қазақстанның қарулы күштерін Нұрсұлтан Назарбаев басқарып келген. Енді, алдағы 5 жылда еліміздің әскерінің бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев болмақ. 

Тоқаевтың алдында сарбаздар сап түзеді

Соңғы деректер бойынша, Қазақстанда 6 млн 440 мың адам әскерге жарамды деп саналады. Әр жылы 245 мың жас әскерге шақыру жасына толады. 

Жалпы әскер саны - 106,5 мың. Оның ішінде запастағы әскерилер 30 мыңнан асады. Қазір Қарулы Күштеріміз құрлық әсерлері, әуе қорғанысы күштері, әскери-теңіз күштеріне бөлінген. Құрлық әскерлері құрамынан тағы да аэроұтқыр әскерлері жасақталды.

Өзгелердің жаңалығы