Бас жаңалықтар
Бүгін
Ыстық көл аумағына полиэтилен бұйымдарды кіргізбеу ұсынылды
15 Ақпан 2019, 12:57 559

Ыстық көл аумағына полиэтилен бұйымдарды кіргізбеу ұсынылды

Астана, BAQ.KZ. Қырғызстанның Ыстық көл аймағына пластик пакеттер мен ыдыстарды кіргізуге тыйым салу жөнінде заң жобасы бойынша Қырғызстан парламентінің отырысы өтеді. Бұл туралы Жогорку Кеңештің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұған дейін Қырғызстан Үкіметінде полиэтилен дорбалар мен пластмасса ыдыстарды қолдануға тыйым салу мәселесін қарау ұсынылған болатын.

Сонымен қатар, Қырғызстанда күніне қанша пластмасса ыдыс пайдаланылатыны есептелген жоқ. Дегенмен, соңғы кезде елде пластик ыдыс-аяқ, бір реттік дорбалар шығаратын шағын өндірістер саны көбейген.

Бір ғана Бішкек қаласының "Тазалык" муниципалдық өнеркәсібі күн сайын 500 тоннадан астам қоқыс тазалайды. Қызметкерлердің айтуына қарағанда шығарылған қоқыстың 40 пайыздан астамы полиэтиленнен жасалған бұйымдар.

Сізден жаңалық