10 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

26 Сәуір 2024, 21:45
621
Бөлісу:
10 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: BAQ.KZ архив

27 сәуірде елдің 10 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап. 

Жетісу облысының шығысында, солтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, 15-20, Алакөл көлдері аудандарында кей уақытта 23-28 м/с.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында 1 градус үсік күтіледі.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Атырау облысының батысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз 15-20 м/с күтіледі. 27 сәуірде облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

Түркістан облысының тауларында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл, облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. 27 сәуірде облыстың солтүстігінде жоғары өрт қау Шымкентте найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында, шығысында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі. Облыстың орталығында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. 27-28 сәуірде облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. 27 сәуірде бұршақ, дауыл күтіледі. 27-29 сәуірде облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 27-29 сәуірде солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с, 27-28 сәуірде екпіні 25 м/с күтіледі. 28-29 сәуірде түнде облыстың шығысында, таулы аудандарында 2 градус үсік күтіледі.

Өзгелердің жаңалығы