Сағынтаев: Көптен күткен шешім қабылданды

21 Қазан 2020, 09:05
2324
Бөлісу:
Сағынтаев: Көптен күткен шешім қабылданды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үкімет Алматыдағы ЖЭО-2-ні газдандыру жобасын мақұлдады.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Instagram-дағы ресми парақшасында ЖЭО-2-ні газға ауыстыруды көптен күткен шешім еді деп атады. 

Көптен күткен Алматыдағы ЖЭО-2-ні газдандыру туралы шешім қабылданды, — деп жазды Бақытжан Сағынтаев.

Бұл ретте жұмыс істеп тұрған қазандық агрегаттарын жаңғыртып, ЖЭО-2-ні көмірден газға ауыстыру арқылы оған жұмсалатын еңбек пен құн шығынын оңтайландыру бойынша қайта құру нұсқасы таңдалды. 

Модернизациялау жұмыстары қоршаған ортаны күкірт оксиді және күлмен ластамауға мүмкіндік береді. Ауаға тарайтын азот оксиді мен көмірқышқыл газының мөлшері минимумға дейін азаяды.

Жоспар бойынша жоба 2025 жылдың соңына дейін аяқталады, — деп атап өтті Алматы әкімі.



Өзгелердің жаңалығы