Румыниялық байқаушы: Сайлауға жастардың көптеп келуі демократияның нышаны

9 Маусым 2019, 15:32
1791
Бөлісу:
Румыниялық байқаушы: Сайлауға жастардың көптеп келуі демократияның нышаны
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Румыниялық байқаушылар Алматыдағы сайлау барысы жайлы айтып берді. 

Румыниялық байқаушы Триф Рарес сайлаудың жақсы ұйымдастырылғанын айтады. 

“Маған ұнағаны сайлауда мобильді дауыс беру жәшіктері ұйымдастырылған. Ол өздігінен келе алмайтын адамдарға арналған өте жақсы нәрсе екен. Сондай-ақ сайлауға жастардың көп келуі қуантты. Бұл азаматтық қоғамда жұмыс істейтін нағыз демократияның нышандары. Жастар өз елінің болашағына немқұрайлы қарамай, өз таңдауларын жасауда”, - деді ол.  

Тағы бір румыниялық байқаушы Ионас Флорин сайлаудың ашық әрі заңға сай өтіп жатқанын айтады. 

“Күні бойы біз бірнеше сайлау учаскесін аралап шықтық және көптеген бақытты адамдарды көрдік. Сондықтан бұл біз үшін қызықты байқау болды. Өте көп жастар сайлауға келді. Бұл олардың нақты шешімі бар екенін көрсетеді. Түске дейін тіркелушілерлің 20%-дайы келіп дауыс берді, бұл жақсы көрсеткіш. Түстен кейін көпшілігі отбасымен келіп дауыс береді деп ойлаймын”, - румыниялық бақылаушы. 

Сондай-ақ, ол сайлау барысында ешқандай заң бұзушылық болмағанын жеткізді. 

“Тек бір әйел тіркеуде жоқ екенін айтып, наразылық білдірді. Бұл қалыпты жағдай, ондай кез келген сайлауда болып тұрады”, - дейді румыниялық байқаушы.

Өзгелердің жаңалығы