Республикалық бюджеттің шығыстары 1,3 трлн теңгеге ұлғайтылды

5 Мамыр 2021, 12:23
1738
Бөлісу:
Республикалық бюджеттің шығыстары 1,3 трлн теңгеге ұлғайтылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алдағы үш жылға арналған мемлекеттік бюджеттің шығыстарын 1,3 трлн теңгеге ұлғайту жоспарланып отыр. Ал жалпы шығындар 15 трлн теңгені құрайды.

Бүгін жалпы отырыста 2021-2023 жылғы республикалық бюджет туралы заң жобасы қаралды.

Нақтылау жобасында қаражатты мынадай бағыттар бойынша бөлу көзделген: Нақтылау Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын, Мемлекет басшысының стратегиялық бастамалары мен тапсырмаларын қаржылық қамтамасыз етуге, сондай-ақ COVID-19-бен күресуге бағытталған.

Макрокөрсеткіштерді нақтылау кезінде мұнайдың орташа жылдық бағасы барреліне 50 доллар деңгейінде айқындалды. Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валюта қорының болжамдары бойынша әлемдік экономиканың өсуі биыл 4,3% және 6% құрайды. Жоғарыда айтылғанды ескере отырып, ел экономикасының өсу болжамы 2,8 пайыздан 3,1 пайызға дейін жақсарды. Осылайша экономикалық өсім қалпына келу сатысында болады, - дейді Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев.

Оның айтуынша, 2021 жылы номиналды ЖІӨ 77 млрд 869 млн теңге көлемінде бағалануда. Бұл бекітілген болжамнан 1 млрд 207 ​​теңгеге жоғары. Жан басына шаққандағы ЖІӨ 9 млн 655 мың долларды құрайтынын айтты.

Республикалық бюджет шығыстары 15 334 млрд теңге көлемінде болжануда. Бюджет тапшылығы жалпы ішкі өнімге қатысты 3,5% деңгейінде болжанып отыр. Ұлттық қордан нысаналы трансферт 1 трлн теңгеден 1 850 млрд теңгеге дейін ұлғаяды, - деді министр.
Жалпы сомасы 1 трлн 487 млрд 157 млн ​​872 мың теңгені құрайтын республикалық бюджеттің шығыстарын арттырудың негізгі бағыттары айқындалған. Оның ішінде коронавируспен күресуге байланысты іс-шараларға 265 млрд 303 млн 716 мың теңге бөлінеді:

- коронавирустық инфекция бойынша карантиндік шараларға қатысатын медициналық қызметкерлерге қосымша төлемдер - 69 млрд 533 млн 963 мың теңге;

- коронавирустық инфекцияның COVID-19 таралуын болдырмау мақсатында стационарлық медициналық көмек көлемін өтеу бойынша медициналық қызметтер, сондай-ақ ПТР зерттеулерін жүргізу - 80 млрд 363 млн 677 мың теңге;

-  үкімет резервінің ұлғаюы - 100 млрд теңге;

- иммунобиологиялық препараттар шығаратын биофармацевтикалық зауыттың құрылысын аяқтау - 1 млрд 597 млн 008 мың теңге;

- отандық COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы вакцинаның клиникалық зерттеулерінің I / II және III фазаларын жүргізу - 1 млрд 423 млн 989 мың теңге;

- жеке қорғаныс құралдарын сатып алу - 12 млрд 385 млн 079 мың теңге.

Айта кетейік, бүгін Нығматулин Атамқұловқа «микрофонның батырмасын басуды білмесең, өндірісті қалай басқарып жүрсің» деп ескерту жасады.


Өзгелердің жаңалығы