Ресейлік майдангер "Қара майордың" қалай аңызға айналғанын айтты

12 Ақпан 2019, 19:09
7543
Бөлісу:
Ресейлік майдангер "Қара майордың" қалай аңызға айналғанын айтты

Астана, BAQ.KZ. 12 ақпанда өмірден озған полковник Борис Керімбаев Ауған соғысы кезінде көптеген жас жауынгерлерге үлгі болды. Бұл туралы сейсенбі күні РБК жаңалықтар агенттігіне берген сұхбатында «Жауынгерлік бауырластық» ардагерлері ұйымы жетекшісінің орынбасары Вячеслав Калинин айтты.

«Ауған соғысы ардагерлерінің ұйымы оның есімін әрдайым құрметпен еске алады. Ауған соғысы басталған кезден-ақ ол өзін нағыз батырларша көрсетті. Жас жауынгерлерге ерлік пен барлаушылық әрекетте үлгі-өнеге болды. Сол кезде-ақ оның есімі жаудың үрейін ұшырып, аңызға айналған еді», – деді Калинин. 

Майдандас досының айтуынша, Борис Керімбаев – болмысы жарқын және өзіне сенімді, «ақылды, өте білімді және кәсіби офицер». 

Өзім дегенде өзегін жұлып беретін

Калининнің айтуынша, «Қара майорды» басшылар мен жоғары лауазымды қызметкерлер арасында құрметке ие болуының басты себебі – оның әрбір істе кәсібилігі мен өз-өзіне сенімді сарбаздарға деген қамқорлығы.

«Барлық сарбаз Қара майор не істесе де өздерінің амандығы үшін істейтінін түсінді. Оның басты мақсаты – «Біз өзімізден бас тартпаймыз» деген принцип. Сондай-ақ жауынгерлік миссияны барынша нәтижелі орындау – оның командирлер мен бағыныштыларының алдындағы құрметін өсірді. Керімбаевтың «дұрыс офицерлік» бейнесінің арқасында көптеген жігіт әскери қызметті таңдады», – дейді Калинин.

Ардагерлердің басын қосқан жан

«Әскери қызметті аяқтағаннан кейін, ол бар ғұмырын ардагерлер қозғалысын жандандыруға арнады. Ол, біздің ардагерлеріміз атап өткендей, ауған ардагерлері мен басқа да соғыстарға қатысушыларды біріктіру үшін барлығын жасаған адам. Таңертеңнен бері мен қазақстандық жігіттермен байланыстамын. Әрине, олар үшін бұл ауыр қайғы», – деп мәлімдеді Калинин.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қара майордың қаза болғаны жайлы және ол туралы айтқан министр Нұрлан Ермекбаевтың пікірін берген болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы