Алматы маңында қар көшкіні болды

12 Ақпан 2019, 18:41
2585
Бөлісу:
Алматы маңында қар көшкіні болды

Алматы. BAQ.KZ. Автожолдардағы жол учаскелерін тазалауға "Қазселденқорғау" ММ –нен 5 бірлік техника және 9 адам жұмылдырылды. Бұл туралы қалалық ТЖД хабарлады.

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті Кіші және Үлкен Алматы шатқалдарында қардың қалыңдығының артуына байланысты, қар көшкіндері жоспарлы түрде түсірілетіні жөнінде хабардар еткен болатын.

Тоқтамай жауған қалың қар мен тұманның түсуіне байланысты, қар көшкінін алдын-ала түсіру жауын-шашын басылғанға дейін, кейінге шегерілді.

Сонымен бірге, бүгін "Экобекеттен" жоғары "Медеу" және "Бутаковка" автожолдарында маңайында өздігінен 3 рет қар көшкіні болған. Екі жағдайда жолдың кіші учаскелері 200 және 600 текше метр көшкін көлемімен жабылды.

Автожолдардағы жол учаскелерін тазалауға "Қазселденқорғау" ММ –нен 5 бірлік техника және 9 адам жұмылдырылды. Экобекттен ат спорты кешеніне дейінгі өтетін жолда тазалау жұмыстары жалғасуда.  Осыған байланысты Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қонақтар мен қала тұрғындарына тауға шығу қауіпті екендіген ескертеді.


Өзгелердің жаңалығы