Қуат Есімханов өмірден өтті
11 Мамыр, 21:05 754

Қуат Есімханов өмірден өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Қуат Есімханов қайтыс болды.

Қуат Есімханов 1952 жылы 18 желтоқсанда дүниеге келген. 

Әр жылдары жауапты қызметтер атқарған, оның ішінде Петропавл облысы, Шығыс Қазақстан облысы әкімдерінің орынбасары, «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» АҚ-ның вице-президенті, «Қазавтокөлік» АҚ-ның президенті, Қазақстан теміржолы саласында басшылық қызметтер атқарды.

Сондай-ақ, Ақсу ауданының әкімі, Қазақстан теміржолы «Теміржолжылу» АҚ-ның президенті болды.

Ол ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, ҚР «Құрметті теміржолшысы», Ақсу қаласының Құрметті азаматы атанған болатын.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...