Бас жаңалықтар
Қазақстан – Кореяның Корей түбегіндегі денуклеризация бойынша ең маңызды серіктестірінің бірі
22 Сәуiр 2019, 16:15 500

Қазақстан – Кореяның Корей түбегіндегі денуклеризация бойынша ең маңызды серіктестірінің бірі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Қазақстан-Корея бизнес форумы барысында Қазақстан-Корея іскерлік кеңестің кореялық тараптан тең төрағасы Шин Сан Хо айтты.

Қазақстан-Корея іскерлік кеңестің кореялық тараптан тең төрағасы Шин Сан Хо екі ел арасында тауар айналымы дипломатиялық қатынас орнаған 1992 жылы 10 млн доллар болғанын, ал қазір бірнеше есе өскенін айтып өтті.

«Қазақсатанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, соңғы үш онжылдықта елді сәтті нарықтық экономикаға айналдырды және бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етіп, мемлекет дамуының негізін қалады. Екі ел де 1992 жылы дипломатиялық қарым-қатынас орнатқаннан кейін өзара сенімділік негізді ынтымақтастықты жалғастыра береді деп сенемін. Дипломатиялық қарым-қатынас орнағаннан кейін энергетика, инфрақұрылым, өнеркәсіп, мәдениет, денсаулық және тағы басқа салаларда серіктес болып келеді. Дипломатиялық қарым-қатынас орнаған кезде екіжақты тауар айналымы 10 млн доллар болатын. 2014 жылы 1,4 млрд долларға дейін өсті. Кейін сауда көлемі мұнай бағасының әлемдік нарықта төмендеуіне және экономикалық өсімнің төмендеуіне байланысты  тауар айналымы бәсеңдеді. 2018 жылы 2 млрд долларға дейін жетті. Одан алдыңғы жылмен салыстырғанда 31% ұлғайды», - деп баяндады Шин Сан Хо.

Сонымен қатар, кореялық өкіл Қазақстанның Корей түбегіндегі денуклеризациялау процесіндегі рөлін атап өтті.

«Нақты мысалдар келтіретін болсам, құрылыс, оның ішінде өнеркәсіп орындарының құрылысы және ауыл шаруашылығын атауға болады. Былтыр «Tенгиз Шевройл» компаниясы жобасы аясында кореялық компания теңізге мұнай өндіріп алу үшін ірі модуль жібергенін айтқым келеді. Сонымен қатар, Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының құрылысының жобасы іске асып жатыр. Бұл – Қазақстан мен Корея арасындағы инвестиция бойынша сәтті жобалардың бірі. Оңтүстік Кореяның жаңа саясаты контекстінде Қазақстан – Солтүстік-Шығыс Азияда ымыраға келу – Корей түбегіндегі денуклеризация бойынша ең маңызды серіктестірінің бірі. Қазір бізге екіжақты ынтымақтастықта сауда инвестициясын әрі қарай дамыту керек», - деді Шин Сан Хо.

Аталған Қазақстан-Корея бизнес форумы барысында Қазақстан-Корея іскерлік кеңестің қазақстандық тарапынан тең төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Қазақстан-Корея іскерлік кеңесі екі ел арасында 12 құжатқа қол қойылғанын атап өтті.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық