Қазақстан-Корея іскерлік кеңесі екі ел арасында 12 құжатқа қол қойды

22 Сәуір 2019, 15:14
1822
Бөлісу:
Қазақстан-Корея іскерлік кеңесі екі ел арасында 12 құжатқа қол қойды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Қазақстан-Корея бизнес форумы барысында Қазақстан-Корея іскерлік кеңестің қазақстандық тарапынан тең төрағасы Алмасадам Сәтқалиев айтты.


Бизнес-форумда екі елдің ұлттық компаниялары және бизнес өкілдері қатысып отыр.

Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, кореялық инвесторлар үшін қазақстандық мемлекеттік холдингтер сенімді серіктес болады.

«Қазақстан мен Корея арасындағы екі жақты қарым-қатынас бірнеше сала бойынша қарқынды дамып келе жатыр. Корея – Қазақстанның Шығыс Азиядағы ең тиімді стратегиялық әріптестерінің бірі. Оңтүстік Корея 2017 жылы Нұр-Сұлтан қаласында өткен «ЭКСПО – болашақ энергиясы» халықаралық көрмесіне қатысып, көрмедегі ең үлкен павильонын қойды. Екіжақты ынтымақтастығындағы перспективалық бағыттарға қысқаша тоқтала кетсем, қазақстандық мемлекеттік холдингтер – ірі жобаларды іске асыруда кореялық бизнес үшін сенімді серіктес», - деді ол.

Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін ескере отырып, біз кореялық бизнесті түрлі сала бойынша ынтымақтастық орнатуға шақырамыз. Қазіргі уақытта ең ірі жоба индустрияландыру жүзеге асып жатыр. Спикер екі ел арасындағы ірі компаниялардың  электроника, тұрмыстық техника, автопром және т.б. бизнес салалар бойынша «Қазатомпром» «Кегок», «Хьюндай» және бұдан басқа түрлі корпорациялардың серіктестігін атап өтті.

Айтуынша, Қазақстан мен Корея арасындағы бизнес өкілдердің серіктестігінде Қазақстан-Корея іскерлік кеңесінің рөлі жоғары болып, 6 жыл ішінде құны 5 млрд доллар болатын екіжақты келісімдер жасалған.

«Екіжақты қарым-қатынастың жақсы дамуына 2012 жылы құрылған Қазақстан-Корея іскерлік кеңестің рөлі жоғары. Кеңес 2012-2018 жылдар аралағында 6 рет іскерлік кеңес отырысы өтті және 5 млрд доллардан астам сомаға 12 құжатқа қол қойылды. Денсаулық сақтау, ақпараттық технологиялар, цифрлық трансформация, қаржы құрылыс, туризм, сауда секілді салаларды қамтыды. 2018 жылы екі ел арасындағы тауар айнылымы 3,8 млрд долларға жетті. 2017 жылмен салыстырғанда 2 есе өсті», - деді Қазақстан-Корея іскерлік кеңестің қазақстандық тарапынан тең төрағасы Алмасадам Сәтқалиев.
Өзгелердің жаңалығы