Бас жаңалықтар
Кеше Астанадан 20 мың текше метрден астам қар шығарылды
31 Желтоқсан 2018, 15:27 225

Кеше Астанадан 20 мың текше метрден астам қар шығарылды

Астана, baq.kz. Қаланы қардан тазалауға 602  мамандандырылған техника жұмылдырылды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

«Астана Тазалық» ЖШС мәліметінше, 30 желтоқсанда қаланы қардан тазалауға 307 жұмыскер шықты.

«Қала сыртына шығарылған қардың жалпы көлемі 21 106 текше метрді құрайды. «Астана Тазалық» қала сыртына қардың 12 100, өзге мекемелер 8606, «Астана көгалдандыру құрылысы» 400 текше метрін шығарды», - делінген «Астана Тазалық» компаниясының хабарламасында.

16 қазан мен 30 желтоқсан аралығында шығарылған қардың жалпы көлемі 992 450 текше метрді құрайды.
 13 қазаннан 30 желтоқсанға аралығында құм-тұз аралас қоспаның 12 296,5 текше метрі шашылды.

Астана әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына қатысты барлық сұрақтарды 109 нөмірі бойынша қалалық iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығының call-орталығына тәулік бойы жолдауға болатындығын еске салады.
Фото: Нұржас Жақсыбай

Сізден жаңалық