«Қаламқас» кен орнынан өрт шықты

25 Наурыз 2019, 11:58
4329
Бөлісу:
«Қаламқас» кен орнынан өрт шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысындағы «Қаламқас» кен орнында өрт шықты. Бұл жөнінде ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов хабарлады. 

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметовтың айтуынша, оқиға 25 наурыз күні таңертең орын алған. Сағат 07:10-да өңірдегі ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметке өрт туралы хабарлама келіп түскен. 

«Маңғыстау ауданындағы «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ-ның «Қаламқас» мұнай-кен орнындағы ұңғымалардың бірінде 900 шаршы метр аумақта биіктігі 10 метрге жететін грифонның ашық жануы орын алды. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ», - деді Нұрсұлтан Нұрахметов. 

Өртті сөндіруге «Семсер Өрт сөндіруші» және «Қаражанбас» компанияларының ұкіметтік емес өртке қарсы қызметінің 14 қызметкері және 4 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Өзгелердің жаңалығы