Психиатр, психотерапевт және психолог қызметі енді қолжетімді болады

28 Қазан 2020, 17:55
1801
Бөлісу:
Психиатр, психотерапевт және психолог қызметі енді қолжетімді болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг кезінде ҚР ДСМ «Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ РМК бас директоры Николай Негай айтты. 

Психикалық денсаулықты жақсарту қажет. Физикалық денсаулық дегенде фитнес жайлы айтатын болсақ, мұнда жеке әлеуетті арттыру, психикалық денсаулықты жақсарту туралы ойлану керек. Бүгінге дейін айтарлықтай күрделі жұмыс жүргізілді, жұмыс істеп тұрған 47 ірі наркологиялық және психиатриялық ұйымдар біріктіріліп, 17 ұйым құрылды. Бұл ретте құрылымның өзі немесе пациенттер ағымы өзгермегенін еске саламыз. Балалар бөлімшелері және т.б. өзгеріссіз қалды, - деді ол. 

Негайдың айтуынша, профилактикалық іс-шаралар жүргізілгеннен кейін төсек-орын қуаты шамамен 7% қысқарды.

Бұл аурудың ауыр түріне шалдыққан науқастарды ауруханаға жатқызу санының шамамен 8%-ға азаюымен байланысты. Орталық аудандық ауруханалар жанынан ауылдық деңгейде 219 кабинет, сондай-ақ қалалық деңгейде, алғашқы медициналық-санитарлық желі деңгейінде, яғни қалалық емханаларда 72 алғашқы психикалық денсаулық орталығы ашылғанын айта кету керек. Біз психиатр-дәрігерлер, психотерапевтер және психологтар қызметі тұтас халыққа қолжетімді болатындай жағдай жасадық. Бұрын  психиатриялық ұйымды ел  қандай да бір үй мекен жайы ретінде қабылдайтын еді, қазір мұндайдан алыстап барамыз, - деп атап өтті спикер.

Айта кетейік, бұған дейін ҚР ДСМ «Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ РМК бөлімшесінің басшысы, Бақытжан Нұралиев коронавирустың жүйке жүйесіне әсері жөнінде айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы