Көлгінов: Проблемалық тұрғын үй құрылыстарының мерзімін қайта қарау керек

15 Қыркүйек 2019, 17:09
1419
Бөлісу:
Көлгінов: Проблемалық тұрғын үй құрылыстарының мерзімін қайта қарау керек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі жексенбі күні таңертеңгілік аралау кезінде үлесті құрылыс объектілеріне тағы қайтара барды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайтында хабаланды.

Алтай Көлгінов «Пана» тұрғын үй кешенінің жұмыс қарқынын арттырып, құрылыс мерзімін қайта қарау қажеттігін атап өтті. Мұндағы үлескерлер саны – 44. 

«Берекет» ТК жобасы мемлекеттік сараптамаға жолданды. Тұрғын үй кешенінің барлық кіреберісі дайын, пәтерлерінің ішкі әрлеу жұмыстарының соңғы бөліктері қалған. Үй сумен жабдықтауға қосылған, енді электр жүйесіне қосу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Көрші тұрған екі үй бойынша да осы секілді мәселелер бар. Қазір ТК электр қуатына уақытша қосылып тұр. Жылу маусымы басталғанға дейін үш үйді трансформаторға қосу жоспарланып отыр. Бұл қатты суықтарда электр энергиясының тұрақтылығын сақтайды.

Қала бойынша 51 үлесті құрылыс (76 үй) бар. Жыл соңына дейін 10 үйді пайдалануға береді. Құрылыс жұмыстарының барысын Nur Otan және мәслихат депутаттары қадағалайды.

Өзгелердің жаңалығы