Бас жаңалықтар
Президенттік жастар кадрлық резервіне 3,5 мыңнан аса өтінім берілген — МҚІА
17 Қыркүйек 2019, 23:48 363

Президенттік жастар кадрлық резервіне 3,5 мыңнан аса өтінім берілген — МҚІА

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары Марат Дәуешов Президенттік жастар кадрлық резервін қалыптастыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді, деп жазады рrimeminister.kz. 

ҚР Тұңғыш президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев 2019 жылды Қазақстанда Жастар жылы деп жариялады. Өзінің сайлауалды бағдарламасында Қ.К. Тоқаев  ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік алдына Президенттік жастар кадрлық резервін қалыптастыру туралы міндет қойды. 

М. Дауешов атап өткендей, бұл бағытта ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Биыл 1 қыркүйекте еліміз бойынша құжаттар қабылдау басталды. 

Президенттік жастар кадрлық резервіне 300 жас маман енеді. Президенттік жастар кадрлық резервіне жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі бар, жалпы жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес Қазақстан Республикасының азаматы алына алады. Шетелде тұратын Қазақстан азаматтары да қатыса алады. 

Бүгінгі таңда бұл ресурсқа 3,5 мыңнан астам адам тіркелді. Қазақстан Республикасының 398 азаматы толық құжаттар пакетіне қол қойды.  

«Бұл әлі аз. Сондықтан мен біздің белсенді жастарымызды осы жұмысқа қатысып, өз күштерін сынауға шақырамын», - деді Марат Дәуешов.

М. Дәуешов әлеуетті резервке алынатындарды іріктеу бірнеше кезеңнен тұратынын айтты. 

Бірінші кезең – жоғарыда мен атап өткен қатысушылардың құжаттарын қабылдау. Бұл рәсім барынша жеңілдетілген. Онлайн-режимде өтінім беруге болады, жүйе автоматтандырылған. Резервте іріктеуге қатысу үшін үміткерлерге pkrezerv.kz сайтында тіркелу қажет. 

Екінші кезең – үміткерлерді тестілеу. Тест үміткердің мәтіні және сандары күрделі ақпаратпен жұмыс істей алу қабілетін анықтауға бағытталған. Бұл үміткерлердің теориялық дайындығын, олардың сараптамалық және сындарлы ойлау деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. 

Үшінші кезең – үміткерлердің көшбасшылық қасиеттерін, стратегиялық көрегенділік деңгейін, ынталандырылуы мен құндылығын бағалау. Ол үшін үміткерлер эссе жазып, өзінің әлеуметтік маңызы бар жобаларын таныстыруы керек. Бұл кезең сондай-ақ үміткерлердің құзыреттерін бағалауды қамтиды. Эссе арқылы үміткерлердің сауаттылығы, эрудициясы, білім деңгейі, сындарлы ойлауы, ойлау қисындылығы, қорытындыларының дәлелділігі мен негізділігі бағаланады. 

Эсселер мен жобалық жұмыстарды тексеру онлайн жүйесінде жүргізіледі. Оның объективтілігі үшін үміткерлерге эссе жазу үрдісінің бейнежазбасын жүргізу жоспарланған.  

Құзыреттіліктерді бағалауды ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының базасында топтық бағалау жүйесін қолданумен сарапшылар жүргізетін болады. 

Төртінші кезең – Сарапшылық комиссияда қатысушылардың әңгімелесуі. Бұл кезеңге баллдар жинытығы бойынша алдыңғы кезеңдерде жоғары нәтижелерге қол жеткізген қатысушылар жіберіледі. Әңгімелесу қорытындысы бойынша Сарапшылық комиссия ашық дауыс беру арқылы Резервке алу ұсынылатын үміткерлер тізімін жасайды да, оны қарастыру үшін Ұлттық комиссияға жолдайды.

Іріктеудің соңғы кезеңі – қатысушылардың кандидатурасы кадрлық резерв жөніндегі Ұлттық комиссияда қарастырылады. Бұл кезеңге Сарапшылық комиссия ұсынған жоғары балл жинаған қатысушылар жіберіледі. Комиссия отырысының қорытындысы бойынша үміткерлерді Президенттік жастар резервіне қабылдау туралы шешім қабылданады.

Ашықтық үшін азаматтарға іріктеуге қатысушылар туралы ақпарат қолжетімді болады, яғни қазақстандықтар іріктеуге қатысуға кімдер өтінім бергенін көре алады. Сонымен қоса, әрбір іріктеуден соң автоматтандырылған жүйеде және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік сайтында келесі кезеңге өткендердің тізімі жарияланады. 




Фото: дереккөз
Загрузка...