Астана, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды.
Елбасы бүгінгі отырыста өткен жылғы жұмыс қорытындыланатынын айтты.
«Өткен жылдағы істелген жұмыс - осы отырған бәріміздің істеген шаруамыздың нәтижесі, барлық әкімшіліктердің, министрліктердің, жалпы мемлекет қызметкерлерлерінің істеген жұмысының қорытындысы, оның ішінде мен де бармын», - деді Мемлекет басшысы.
Президент алдымен өткен жылдың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары қарастырылатынын айтты.