Бас жаңалықтар
Президент Ресейден басқа одақтас елдермен өнеркәсіп саласындағы жұмысты күшейтуді тапсырды
14 Қазан 2021, 17:39 1533

Президент Ресейден басқа одақтас елдермен өнеркәсіп саласындағы жұмысты күшейтуді тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында айтты.

Біз өнеркәсіптік кооперацияға дәстүрлі түрде көңіл бөлеміз. Өздеріңіз білетіндей, біздің бастама Қазақстанның төрағалық етуіне байланысты болып отыр. Біз оны одақ аясында белсенді түрде ілгерілендіріп жатырмыз. Біз 2025 жылға дейін өнеркәсіптік ынтымақтастық аясында белсенді қарым-қатынас орнатуды мақұлдадық. Осы бағытта Ресеймен тығыз ынтымақтастық орнаттық. Соңғы екі жылда бірқатар ірі өнеркәсіптік жобаны жүзеге асырдық, - деді Тоқаев.
Мемлекет басшысы атап өткендей, «Лукойл» және  «КАМАЗ» компанияларымен бірқатар өнеркәсіптік жоба жүзеге асырылған.
Өнеркәсіп саласында өзге елдермен ынтымақтастықтың әлеуеті әлі де кеңейтілмеді. Маңызды инвестициялық жобалар бар. Үкіметке осы сала бойынша интеграциялық істерді жүзеге асыруды күшейтуді тапсырамын, - деді ол.
Айта кетейік, Еуразиялық экономикалық одақтың жарғылық органдарындағы төрағалық жаңа жылдан бастап Беларусьтен Қазақстанға өтті.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...
// (function (d, w, c) {(w[c] = w[c] || []).push(function () {try {w.yaCounter34776245 = new Ya.Metrika({id: 34776245,clickmap: true,trackLinks: true,accurateTrackBounce: true,webvisor: true,trackHash: true});} catch (e) {}});var n = d.getElementsByTagName("script")[0],s = d.createElement("script"),f = function () {n.parentNode.insertBefore(s, n);};s.type = "text/javascript";s.async = true;s.src = "https://mc.yandex.ru/metrika/watch.js";if (w.opera == "[object Opera]") {d.addEventListener("DOMContentLoaded", f, false);}else {f();}})(document, window, "yandex_metrika_callbacks");//