Әлемдік нарықтағы баға біздің нарыққа әсер етіп жатыр. Тоқаев одақтас елдерге жаңа жоба ұсынды

14 Қазан 2021, 17:29
23624
Бөлісу:
Әлемдік нарықтағы баға біздің нарыққа әсер етіп жатыр. Тоқаев одақтас елдерге жаңа жоба ұсынды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында айтты.

Алдымен, азық-түлік қауіпсіздігі жаһандық деңгейде өзекті болып отыр. Қазір әлемнің 10-тұрғыны, яғни 700 млн адам азық-түліктің жетіспеуінен зардап шегіп отыр. Әрине, біздің елдердегі жағдай әлдеқайда жақсы. Алайда әлемдік нарықтағы бағаның өсуі біздің нарыққа да әсер етіп жатыр. Бұл жыл өткен сайын күшейе түсуі мүмкін, - деді Тоқаев.
Ол атағандай, оған жауап ретінде Еуразиялық экономикалық комиссия одақ елдерімен бірлесіп, азық-түлік қауіпсіздігін қамту бойынша ортақ ұстаным мен тетіктер бойынша бірлескен жоба әзірледі.
Құжат азық-түлік тауарларының тапшылығын минималды ету және агроөнеркәсіптік кешендегі қолданылатын материалдық-техникалық ресурстарды қолдану және импорт алмасуға бағытталған. Бұл құжаттың маңыздылығын ескере отырып, онлайн отырыста мақұлдауды ұсынамын. Құжат жүйелі түрде өзара қарым-қатынас пен әлеуметтік нәтиже алуға бағытталуы керек, - деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін хабарлағанымыздай Тоқаев одақтас елдерге пандемияға қарсы бірлескен жобаны жүзеге асыруды ұсынды.

Өзгелердің жаңалығы