Премьер-министрлікке Әлихан Смайылов ұсынылды
11 Қаңтар, 11:04 470

Премьер-министрлікке Әлихан Смайылов ұсынылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы ҚР Премьер-министрлікке Әлихан Смайыловты ұсынды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бейнебайланыс арқылы Парламент Мәжілісінің отырысына қатысып, еліміздің жаңа Премьер-министрінің кандидатурасын ұсынды.

Туған жылы: 1972 жыл 18 желтоқсан

Білімі: 1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «қолданбалы математика» мамандығы бойынша тәмамдаған.

1996 жылы ҚР Президенті жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтының мемлекеттік басқару магистрі дәрежесіне ие болды.

1993–1999 жылдары — «А-Инвест» инвестициялық–жекешелендіру қорының бас маманы; бөлім басшысының орынбасары, ҚР Ұлттық статистика агенттігінің басқарма басшысы; ҚР Статистикалық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Статистика және талдау комитеті төрағасының орынбасары; бас сарапшы, экономика секторының меңгерушісі, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып қызмет атқарған.

1999–2003 жж. — ҚР Статистика агенттігінің төрағасы.

2003–2006 жж. — ҚР сыртқы істер вице-министрі, «Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру компаниясы» АҚ басқарма төрағасы.

2006–2009 жж. — ҚР қаржы вице-министрі, «ҚазАгро» ҰХ президенті.

2009–2014 жж. — ҚР Статистика агенттігінің төрағасы.

2014–2015 жж. — ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика жөніндегі комитетінің төрағасы.

2015 жылдың желтоқсанында Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Президентінің көмекшісі болып тағайындалды.

2018 жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының қаржы министрі болып тағайындалды

2020 жылдың мамырынан Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары

2022 жылы 05 қаңтарда Президент Жарлығымен Үкімет отставкаға кетті. Осы күні Смайылов Премьер-министрдің міндетін атқарушы болып тағайындалды.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...