БЖЗҚ төтенше жағдай кезінде қалай жұмыс істейді?

11 Қаңтар 2022, 10:55
1221
Бөлісу:
БЖЗҚ төтенше жағдай кезінде қалай жұмыс істейді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өңірлерде қалыптасқан жағдайға байланысты өз жұмысын жалғастыруда.

2022 жылдың 5 қаңтарында Қордың барлық бөлімшелері штаттық тәртіпте жұмыс істеп, сағат 16.00-ге дейін халыққа қызмет көрсетті.

6 қаңтарда Мемлекет басшысының төтенше жағдай тәртібін жариялауына байланысты Қор кеңселері өз жұмысын тоқтатты.

2022 жылдың 10 қаңтарынан бастап БЖЗҚ-ның барлық бөлімшелерінің қызметі қайта жанданды. Қор кеңселері халыққа қызмет көрсетуді сағат 9.00-де бастап 16:00-ге дейін жалғастырады.

Бұған Алматы және Қызылорда қалаларындағы бөлімшелер кірмейді. Сондай-ақ, Жамбыл облыстық филиалының Меркі, Шу және Қордай елді мекендеріндегі бөлімшелер қашықтан жұмыс істейді.

1418 нөмірі бойынша байланыс орталығы өңірлік бөлімшелер арқылы 16.00-ге дейін жұмыс істейді.

БЖЗҚ қызметтері аймақтардың ғаламторға қосылуына байланысты онлайн тәртібінде қолжетімді.

Зейнетақы жинақтарының сақталуын, қауіпсіздігін және үздіксіз есепке алынуын қамтамасыз ету үшін БЖЗҚ-ның барлық ішкі ресурстары мен инфрақұрылымы штаттық тәртіпте жұмыс істейді.

 

Өзгелердің жаңалығы