Премьер-лига: «Астана» Талдықорғанда ұтылып қалды

23 Қыркүйек 2019, 17:59
1635
Бөлісу:
Премьер-лига: «Астана» Талдықорғанда ұтылып қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан премьер-лигасының  27-турында ел чемпионы  «Астана» ұтылып қалды.

«Астана» Талдықорғанға шаршаңқы келді. Өйткені, бейсенбі күні ғана Еуропа лига аясында «Манчестер Юнайтедпен» кездескен болатын. 

«Жетісу» – «Астана» кездесуінде есепті негізі қонақтар ашқан еді. Матчтың 8-минутында Ротариу көзге түсті. Бірақ екінші таймда «Астананың» шаршағаны байқалды. Сөйтіп, «Жетісу» матчтың соңғы 10 минутында екі гол соғып, жеңісті жұлып алды.

Топ басындағы «Тобыл» Қарағандыда «Шахтерді» соңғы минутта жеңді. Ойындағы жалғыз голды қорғаушы Кассай соқты. Сол секілді «Қайрат» та Қызылордада «Қайсарды» 1:0 есебімен ұтты.  «Оқжетпес» пен «Ертіс» арасындағы  кездесу де осындай есеппен аяқталды.

«Тараз» және «Атырау» арасындағы матч тең аяқталса, «Ордабасы» «Ақтөбе» командасына еш мүмкіндік қалдырған жоқ. Қорытынды есеп – 4:1.

27-турдың нәтижелері:

«Оқжетпес» (Көкшетау) – «Ертіс» (Павлодар) – 1:0 
Гол: Стоянович, 63 (1:0).
«Қайсар» (Қызылорда)  – «Қайрат» (Алматы) – 0:1 
Гол: Дугалич, 56 (0:1).

«Тараз» (Тараз) – «Атырау» (Атырау) 2:2 
Голдар: Абдулавов, 62 (0:1). Сүлей, 80 (1:1. Аблитаров, 85 (1:2), Лобжанидзе, 90+4 (2:2).

«Жетісу» (Талдықорған) – «Астана» (Нұр-Сұлтан) – 2:1 
Голдар: Ротариу, 8 (0:1). Тошев, 80 (1:1). Жақсылықов, 89 (2:1).

 «Шахтер» (Қарағанды) – «Тобыл» – 0:1 (Қостанай)
Гол: Кассай, 89 (0:1).
Алаңнан қуылды: Шахметов, 62

«Ордабасы»  (Шымкент) – «Ақтөбе» (Ақтөбе) – 4:1 
Голдар: Щеткин, 15 (1:0). Досмағамбетов, 44 (2:0). Әжімов, 65 (2:1). Ерланов, 71 (3:1). Ковальчук, 90 (4:1).
Өзгелердің жаңалығы