Польшада газ жарылып, тұрғын үй қирады

5 Желтоқсан 2019, 09:15
4617
Бөлісу:
Польшада газ жарылып, тұрғын үй қирады
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қирап қалған 3 қабатты ғимарат үйінділерінің арасынан екі адамның денесі табылды. Тағы 6 адамды іздестіру жұмыстары жалғасуда.

PolskieRadio24 мәліметінше, Польшада 4 желтоқсан күні "Щирк" тау-шаңғы курортындағы тұрғын үйде газ жарылған. Оқыс оқиға салдарынан 3 қабатты үй опырылып түскен.

Қайғылы оқиға жергілікті уақыт бойынша шамамен 18.30 шамасында болған. Газ жарылғаннан кейін үй өртене бастаған. Құтқарушылар тілсіз жауды ауыздықтап, үйінділердің арасынан жоғалған адамдарды іздестіріп жатыр.

2439015.jpg

Бельско-Бяла қаласының өрт қауіпсіздігіне жауапты муниципалдық штабының деректеріне сәйкес, үйінділердің арасында 8 адам болуы мүмкін. Олардың ішінде балалар да бар.  

Оқиға орнында жүзден астам құтқарушылар, сондай-ақ полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем бригадалары жұмыс істеуде.

Польша газ компаниясының (PSG) өкілі Артур Михневичтің айтуынша, газдың жарылып кетуіне газ құбырын бұрғылау жұмыстары себепкер болуы мүмкін, - делінген хабарламада.

Кейіннен белгілі болғандай, үйінділер арасынан 2 адамның денесі табылған.

Өзгелердің жаңалығы