Бас жаңалықтар
Полицейлер көпірден секіріп кеткен әйелді құтқарды
09 Наурыз 2019, 16:29 419

Полицейлер көпірден секіріп кеткен әйелді құтқарды

Өскемен, BAQ.KZ. 8 наурызда шамамен күндізгі 11-де Өскемен полицейлері қайғылы оқиғаның алдын алды - өз өміріне балта шаппақ болған әйел Үлбі өзеніне секіріп кеткен. Бұл туралы yk.kz сайты хабарлады.

Патрульдік рейд шараларын жүргізіп жүрген "Қыран-79" экипажы көпір астындағы айналма жолдан өтіп бара жатқан уақытта Үлбі өзенінен адамды көрген. Өзеннің ағысы қатты, сол себепті құқық қорғау органдарының қызметкерлері адамды ары қарай алып кетпесі үшін көмекке асыққан. 

 Полиция капитаны Дәурен Оразбаев пен кіші лейтенант Азамат Жылқышиев өз күштерімен есінен айырылған қызды судан алып шықты. Алғашқы медициналық көмек көрсетіп, зардап шеккен адамның есін жиюға көмектесіп, полицейлер оны дәрігерлерге тапсырды. 

Қазіргі уақытта 32 жастағы қала тұрғыны мұндай қадамға неліктен барғанын анықтау шаралары жүргізіліп жатыр. Мамандар қажетті психологиялық көмек көрсетуде. 

Загрузка...