Бас жаңалықтар
Полицейлер ауылдасын пышақтап өлтірген ер адамды ұстады
26 Шілде 2021, 22:37 348

Полицейлер ауылдасын пышақтап өлтірген ер адамды ұстады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола полицейлері ауылдасын пышақтап өлтірген ер адамды ұстады, деп хабарлады Polisia.kz. 

2021 жылғы 24 шілдеде Жарқайың ауданының ПБ кезекші бөліміне 58 жастағы жергілікті тұрғыннан телефон хабарламасы келіп түсті. 

Ер адам оның үйінде 45 жастағы досына пышақ жарақатын салғанын айтты. Жедел медициналық жәрдем келгенге дейін ер адам оқиға орнында қайтыс болды. 

Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары 24 шілде күні сағат 15:00 шамасында өтініш берушіге екі ауылдас қонаққа келгенін, оның ішінде қаза тапқан адам келгенін анықтады. Кейін өтініш беруші қонақтарды тастап, ұйықтауға кеткен. Оянған кезде үй иесі марқұмның денесін тауып, полицияға қоңырау шалды. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, зардап шеккен адамның өлімі жедел қан жоғалту, кеуде қуысының сол жаққа еніп, ішкі ағзалардың зақымдалуымен байланысты болды, - делінген хабарламада.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдікті ретінде адамды анықталды. Ол мас компанияның үшінші фигуранты – Қостанай облысы, Арқалық қаласының тумасы, 1969 жылы туған, бұрын ҚР ҚК 96-бабы 1-бөлігі бойынша сотталған. Күдікті бұлтартпас дәлелдердің салдарынан спирттік ішімдіктерді бірлесіп ішу барысында, кенеттен жанжал туындаған жағдайда, ас үй пышағын ұстап, жәбірленушіге бір соққы жасап, үйден кетіп қалған. 

Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...