Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Ұлттық Кеңес аясында аудандық деңгейдегі ауыл, кент, қала әкімдерінің сайлауының қоғам, мемлекет дамуы үшін мәні мен маңызы жөнінде сараптама отырысы өтті.
Отырысқа бірқатар Ұлттық Кеңес мүшесі қатысты. Отырысты Ұлттық Кеңес хатшысы Karin Erlan жүргізді, - деп жазды ол.
Отырыстан кейін депутат бірқатар қорытындыға келген. Атап айтқанда:
1. Қ.Тоқаевтың қоғамдық-саяси реформалары іске асуда. Ауыл әкімдерін сайлау еліміздің демократиялық дамуының күре тамыры.
2. Еліміздің демократия мен плюрализмге беталысы жүйелі дамып келеді.
3. Келесі жылы 2 мыңнан астам ауыл әкімі тікелей сайлаудан өтеді.
4. Қазір басты міндет ауыл әкімі мен Кеңестің қаржылық фундаментін қалыптастыру. Ол үшін бюджеттік салада реформалар іске асуда.
5. Бюджетте ауылдардың инфрақұрылымын дамытуға 2025 жылға дейін 3000 ауылға 1 трлн теңге қарастырылған.
5. Ауыл әкімдерін сайлау, жергілікті Кеңестерді қалыптастыру Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқаруды қамтамасыз етудің басты аспектісі.
6. Өзін-өзі басқаруды қамтамасыз ету Қазақстанның тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының бағыты.
6. Еліміздің демократиялық бағыт- бағдары халқымыздың саяси мәдениетін оң қалыптастыруға әсер етеді.
7. Демократия, плюрализм, эволюциялық, бірте-бірте даму Қазақстанның - басты бағыты.