Бас жаңалықтар
Pfizer үнді штамына қарсы жаңа вакцина әзірлейді
12 Шілде 2021, 17:31 568

Pfizer үнді штамына қарсы жаңа вакцина әзірлейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлемде коронавирус инфекциясының үнділік штамының өршуіне байланысты Pfizer компаниясы жаңа вакцина ойлап шығармақшы. Қайта вакцинациялау мақсатында өздерінің BNT162b2 препаратына ірі көлемдегі клиникалық сынақ жүргізді деп хабарлады news-medical.net.

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, қазіргі күні екі дозамен салынып жатқан BNT162b2 вакцинасын егу үшін бустер енгізуді қарастырып жатыр. Екінші дозадан кейін алты ай өткенде жасалған BNT162b2-нің үшінші дозасы науқастың қан сарысуындағы антидененің көрсеткішінен 5-10 есеге көп көрінеді. Яғни оны кем дегенде бес есе езіп салуға болады. Сонда да ол бейтарап қабілетін жоғалтпайды.

Дәйекті нәтижелердің уақытша жеткіліксіздігіне қарамастан, компания титр ұлғаяды деп болжап отыр. Осылайша, бустер организмді үнділік коронавирустан қорғауға көмектеседі. FDA және АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының бірлесіп таратқан мәлімдемесіне сәйкес, бүгінде толықтай вакцинацияланған азаматтарға қосымша доза салудың қажеті жоқ.

Осыған дейін аталған компанияның вакцинаның үшінші дозасын енгізу қажеттілігі туралы мәлімдегені туралы жазған болатынбыз. 


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...