Алматыда мектеп жасындағы балалардың вирусты жұқтыруы 10,1%-ға артқан

12 Шілде 2021, 17:21
3594
Бөлісу:
Алматыда мектеп жасындағы балалардың вирусты жұқтыруы 10,1%-ға артқан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Соңғы екі аптада оқушылар арасында вирустың жұғуы 10,1%-ға, ал мектепке дейінгі балалар арасында 6,7%-ға артты. Бұл туралы Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында айтты.

Оның айтуынша, елімізде коронавирустың дельта нұсқасы пайда болғалы балалар да көптеп ауыра бастаған.

Соңғы 14 күнде өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың – 37%, түрлі ЖШС, ЖК, АҚ қызметкерлерінің – 19%, зейнеткерлердің – 16,6%, сондай – ақ оқушылардың – 10,1% және мектеп жасына дейінгі балалардың-6,7% арасында КВИ ауруы бұрынғысынша басым болып отыр, бұл жалпы сырқаттанғандардың 90%-ын құрайды. 60 жастан асқан адамдар арасында жұқтырудың үлес салмағы 1,6%-ға төмендеуі олардың егілуі мен ары-бері көп шықпауы әсер етті, - дейді ол.

Сонымен қатар ол инфекция ошақтарындағы эпидемиологиялық тексеру нәтижелері бойынша жұқтыру орындарын шартты түрде сенімді және ықтимал деп екіге бөліп қарастыратындарын айтты.

Мәселен, инфекцияның сенімді белгіленген орындарына келетін болсақ, соңғы аптада отбасында КВИ инфекциясын жұқтыру 9%- ға, туыстарымен, көршілерімен, достарымен байланыс кезінде 0,2%-ға төмендеді. Жұқтырудың ықтимал орындары бойынша сауда нысандарында жұқтырудың тұрақтануы соңғы аптада 0,5% өсіммен 31% деңгейінде байқалды. Бұл ретте супер - гипермаркеттерде (Магнум, Тоймарт Смолл және т.б.) және кварталішілік азық-түлік дүкендері мен азық-түлік емес дүкендерде жұқтырудың өсуі байқалады. Асханаларда, моншалар мен сауналарда, «ASHYQ» жобасына қатысушы объектілерде және қала маңы аймағына бару кезінде жұқтырулардың артқаны байқалады, - деді Ж. Бекшин.

Соңғы аптада КВИ жұқтырудың негізгі орындары: сауда объектілері – 31%, отбасылардағы байланыстар – 18%, қоғамдық көлік – 16%, базарлар - 11% және қоғамдық тамақтану объектілері – 4% болған.



Өзгелердің жаңалығы