Петропавлда көпқабатты үйлердің 11 подъезі карантинге жабылды

7 Сәуір 2020, 02:38
1439
Бөлісу:
Петропавлда көпқабатты үйлердің 11 подъезі карантинге жабылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Асқар Хабибулин айтты. 

Бұл подъездерге өңірдегі екі супермаркет азық-түлікті жеткізумен айналысатын болады.
Супермаркеттердің қазіргі уақытта тапсырысы көп, үлгермей жатыр. Сол себепті әр кіреберіске волонтерлерді бекіттік. Олар тапсырысты қабылдап, супермаркеттермен жұмыс істейді. Тұрғындардың қажетін жеткізіп береді, – деді Асқар Хабибулин.
Петропавл қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі баспасөз қызметінің мәліметінше, карантиндегі подъездердің әрқайсысының жанына қоқыс контейнерлері орнатылды. Санитарлық қызметтер үйлердің кіреберісін толық дезинфекциялады.

Қазір әр подъездің жанында тәртіп сақшылары кезекшілік атқаруда.
Өзгелердің жаңалығы