Павлодарда пойыздың төбесіне шығып селфи жасамақ болған қызды тоқ соқты
1 Мамыр, 17:31 872

Павлодарда пойыздың төбесіне шығып селфи жасамақ болған қызды тоқ соқты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында пойыздың төбесіне шыққан қызды ток соқты. Ол жарақат алып, денесін термиялық күйік шалған деп хабарлайды облыстың Денсаулық сақтау басқармасы. 

Белгілі болғандай, қыз бала ерекше селфи жасамақ болыпты. Оқиға Жолқұдық теміржол станциясының маңайында орын алған.

2004 жылы туған қыз ауруханаға оң жақ аяғы, оң жақ қолы мен денесінің жартысы 3-4-деңгейде, яғни 50%-ға термиялық күйік шалу, электр жарақаты диагнозымен жеткізілді. Сондай-ақ ол жабық бассүйек-ми жарақатын алған, миы шайқалып, шашы күйген, - делінген ведомство таратқан хабарламада. 

Бойжеткеннің жағдайы ауыр деп бағалануда. Аталған дерек ҚК 344-бап 1-тармағы бойынша Павлодар станциясындағы Желілік полиция бөлімшесінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Тексеру жүргізіліп жатыр.


Фото: дереккөз
Загрузка...