Павлодарда пәтерлер жәрмеңкесі өтеді

18 Маусым 2019, 16:01
1852
Бөлісу:
Павлодарда пәтерлер жәрмеңкесі өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарда 19 маусымында «7-20-25» бағдарламасы шеңберінде пәтерлер жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Павлодар қаласының тұрғындарын жәрмеңкеге шақырамыз. Сәрсенбі күні сағат 11-ден 17-ге дейін Open Pavlodar фронт-офис базасында күтеміз! «Бәйтерек девелопмент» АҚ мен «Алем-ПВЛ» ЖШС-нің өзекті ұсыныстарын осы жерде біле аласыздар, - деп жазылған хабарламада. 

Ипотекалық кредит беру туралы «Баспана» ипотекалық ұйымыны» АҚ және банк серіктестіктері - Банк Центр Кредит, Еуразиялық банк, АТФ Банк, Цесна банк, Bank RBK, Қазақстан Халық банкі, Сбербанк России, Форте банк өкілдері ақпарат ұсынады.
Жәрмеңкеде мамандар «7-20-25» бағдарламасы бойынша сатып алуға болатын пәтерлер туралы кеңес береді.

Өзгелердің жаңалығы