Бас жаңалықтар
Пәтер мәселесі: Жастарға арналған бағдарламаға отбасын құрмаған жастар да қатыса алады
14 Сәуiр 2021, 11:41 239

Пәтер мәселесі: Жастарға арналған бағдарламаға отбасын құрмаған жастар да қатыса алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте «Отбасы банк» АҚ Орталық филиалының директоры Жансұлтан Матаев жастарға арналған бағдарлама туралы айтып берді.

Мемлекеттік бағдарламалар аясында жастардың баспаналы болуы үшін де бағдарламалар қарастырылған. Бірақ ол жобаның барлығы отбасылы, бала-шағалы жастарға тиімдірек. «Неліктен жұмыс істейтін, бірақ әлі отбасын құрып үлгермеген жастарға ыңғайлы бағдарламалар жоқ? Жастарға арналған бағдарламалардың ережесін барлығына бірдей жасауға болмай ма? Балдық жүйе арқылы отбасылы жастар басым тұр» деп редакциямыз брифингке қатысушыларға сұрақ жолдады.

Алматы қаласында «Алматы жастары» бағдарламасы бірнеше жыл қатарынан жүзеге асырылып келе жатыр. Яғни 35 жасқа дейінгі жастарды қолдау бағдарламасы осы Алматыдан бастау алды. Енді Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігімен де бұл сұрақ бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр, - деді ол.

Негізгі шарттары:

5%-дық мөлшерлеме;

Алғашқы жарна 10%;

Несиенің мерзімі 25 жылға дейін.

Матаевтың сөзінше, жергілікті әкімдік өздері анықтаған саланың жастарын қолдау мақсатында тізім жасалды. Оның қатарында денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт, БАҚ, әлеуметтік сала өкілдерін қолдау қарастырылған.

Сұрақта айтылғандай, тек қана отбасылы жастар емес, оның ішінде отбасын құрмаған жастар да аталған бағдарламалар арқылы пәтермен қамтылады деп есептеп отырмыз, - деп түсіндірді «Отбасы банк» өкілі.

Еске сала кетейік, елордалық 35 жасқа дейінгі жастарға арналған «Елорда жастары» бағдарламасы іске қосылатыны туралы хабарлаған болатынбыз.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...