Бас жаңалықтар
Өз еркі, ешкім мәжбүрлемейді. Аймағамбетов мұғалімдердің вакцина салдыруы туралы айтты
08 Сәуiр 2021, 13:05 17241

Өз еркі, ешкім мәжбүрлемейді. Аймағамбетов мұғалімдердің вакцина салдыруы туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан онлайн брифингте мұғалімдерді ғылымға сенуге және вакцина салдыруға шақырды.


Мұғалімдерге вакцина салдыру міндеттеле ме? Мысалы, білім беру мекемелерінің, мектептердің мұғалімдері жыл сайын медициналық тексеруден өтеді. Осыған байланысты КВИ-ге қарсы вакцина да талап етілмей ме деп редакциямыз министрге сұрақ жолдады.

Министрдің айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігінің берген ақпаратына сәйкес, вакцина салғандардың 17%-ы мұғалімдер.
Олар (Денсаулық сақтау министрлігі – Baq.kz) бізге мұғалімдердің вакцина алғаны туралы ақпаратты беріп отыр. Жалпы вакцина мұғалімнің өз еркімен алынады. Өз еркі, ешкім мәжбүрлемейді, - деп айтты Аймағамбетов.
Алайда БҒМ басшысы министр ретінде, Қазақстанның азаматы ретінде әріптестерін өз еркімен вакцинаны салдыруға, ғылымға сенуге шақырды.
Өйткені, бұл, біріншіден, өздеріңіздің қауіпсіздіктеріңіз, екіншіден, мектепте оқып жатқан балалардың, басқа да әріптестеріңіз бен отбасыларыңыздың қауіпсіздігі, - деп жауап берді ол.
Сонымен қатар Аймағамбетов мамандарға сеніп, вакцинаны дер кезінде салдырады деп үміттенетінін жеткізді. 

Еске сала кетейік, Асхат Аймағамбетов КВИ-ге қарсы екпені былтыр салдырды.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...
// (function (d, w, c) {(w[c] = w[c] || []).push(function () {try {w.yaCounter34776245 = new Ya.Metrika({id: 34776245,clickmap: true,trackLinks: true,accurateTrackBounce: true,webvisor: true,trackHash: true});} catch (e) {}});var n = d.getElementsByTagName("script")[0],s = d.createElement("script"),f = function () {n.parentNode.insertBefore(s, n);};s.type = "text/javascript";s.async = true;s.src = "https://mc.yandex.ru/metrika/watch.js";if (w.opera == "[object Opera]") {d.addEventListener("DOMContentLoaded", f, false);}else {f();}})(document, window, "yandex_metrika_callbacks");//