Бас жаңалықтар
Бүгін
Астанада бүгін кешкі отшашуды қайдан тамашалауға болады?
31 Желтоқсан 2018, 15:00 931

Астанада бүгін кешкі отшашуды қайдан тамашалауға болады?

Астана, baq.kz. Астана қаласы әкімдігінің сайты 30 желтоқсан мен 2 қаңтар аралығындағы мереке күндері қаланың мәдениет және спорт мекемелерінде өтетін шаралар жоспарын ұсынады.

Тәуелсіздік сарайы
31 желтоқсанда сағат 10:00-18:00-де – «Ақанаевтар әулеті» жеке көркем көрмесі
31 желтоқсанда сағат 10:00-18:00-де – «Әуедегі қозғалыс» қазіргі заман өнер көрмесі.
31 желтоқсанда сағат 10:00-18:00-де – «Менің елім - Мәңгілік ел» атты Астана қаласы Суретшілер одағы жастар бірлестігінің көрмесі.
31 желтоқсан - 6 қаңтар сағат 10:00-18:00-де – С. Махамбетовтің «Баллада гор и степей» жеке көрмесі.
31 желтоқсан - 6 қаңтар сағат10:00-18:00-де – «Антиквариат» көрмесі.

«Астана Опера» МОБТ (үлкен зал)
31 желтоқсанда сағат 17:00-де – «Астана Опера» құттықтайды» концерті.

Қалалық алаң, «Хан Шатыр» ОСО аумағы 31 желтоқсанда сағат 21:00-3:00-де – Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен Жаңажылдық концерт.
Есіл өзенінің жағалауы,  Пушкин және  Абылайхан  көшелерінің қиылысындағы саябақ, «Хан Шатыр» ОСО аумағы 31 желтоқсанда сағат 00:00-де – Мерекелік отшашу.

Қуыршақтар театры 1-6 қаңтар сағат 12:00-де, 14:00-де (сб, жб) –  А. Салаеваның «Проделки ведьмы в Новогоднюю ночь» қойылымы.

Сізден жаңалық