Орман өрті: Вице-министр Риддерге аттанды

11 Мамыр 2021, 00:05
1584
Бөлісу:
Орман өрті: Вице-министр Риддерге аттанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстанның Риддер қаласы маңындағы өрт аумағынан қауіпсіз жерге көшірілген тұрғындар эвакуциялық пунктерге орналастырылып жатыр.

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. 

Риддер қаласында жедел желі телефондары жұмыс істейді: 8 (72336) 42941; 8 777 991 32. Эвакуациялық пункттер келесі мекенжайлар бойынша ұйымдастырылды: 1. Риддер агротехникалық колледжі Тел.: 8 705 762 8065. Мекенжайы: Абай көшесі, 65 2. «Қазцинк» профилакторий амбулаторлық орталығы базасындағы қонақ үй. Тел.: 8 771 305 18 53; мекенжайы: Гоголь к., 55а, - деп жазылған департаменттің мәліметінде.

Төтенше жағдай министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли ҚазАқпарат тілшісіне өрттің беті әлі қайтпағанын айтты. 

Өрт әлі басылған жоқ. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков ұшып шықты, - деді Талғат Уәли. 

Қазіргі таңда Риддер қаласының әкімі өрттен қауіптеніп баспанасын тастап шыққан тұрғындардың санын анықтап жатыр.


Өзгелердің жаңалығы