«Өнімді инновацияларды ынталандыру» – отандық ғалымдарға берілген мүмкіндік

15 Мамыр 2019, 14:29
4929
Бөлісу:
«Өнімді инновацияларды ынталандыру» – отандық ғалымдарға берілген мүмкіндік

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2016 жылы Дүниежүзілік банк Қазақстан Үкіметімен бірлесіп "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасын іске қосты. Мақсаты - инновациялық жобалар мен технологиялық бастамаларды сүйемелдеу, сондай-ақ оларға жеке сектордың қатысуын ынталандыру.

Қазақстан ғалымдары өз ойларын қалыптастыру үшін шын мәнінде бірегей мүмкіндік тапты, түпкілікті теориялық жұмыстардан алыстап, практикаға ден қойды. Бұдан бөлек, қазіргі уақытта қоғам мен елге пайда әкелумен қатар, пайда табуға да болады. Әрине, сыртқы қарапайымдылықтың және әдемі сипаттамалардың артында күнделікті ауыр жұмыс тұратыны белгілі. Ондайда жоба жеңімпаздарына менеджерлер көмектеседі. Біз бұл жолғы мақаламызда жобаларды басқару тобы (ЖТБ) менеджерлерінің және грант иегерлерінің «Өнімді иновациялық ынталандыру» жобасы жайлы ойларын ортаға салмақпыз.

«Өнімді инновацияларды ынталандыру» – отандық ғалымдарға берілген мүмкіндік

Ecosave компаниясының директоры Нариман Жаппар Қазақстанда агроөнімнің сақталуы қомақты шығынға алып келетінін айтады. Оның ойынша "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасын қолдау – болашақта, Қазақстанның аграрлық саласын көптеген қиындықтар мен мәселелерден қорғауға көмектеседі.

«Егер "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасының командасымен жұмыс туралы айтатын болсақ, біз үлкен әсер алдық. Компанияны жүргізу және жобаны іске асыру бізге көп тәжірибе берді. Иә, біз сатылымды жаңа бастадық, нарықты біз брокерлермен және жобаларды басқару тобымен (ЖБТ) бірге зерттедік. Олар аграрлық өнім нарығын талдап, оның біздің мемлекетте қандай қарқынмен, ал ТМД және Еуропа елдерінде қалай қозғалатының анықтауға көмектесті. Биопрепараттар нарығы қарқынды дамып келе жатқанын атап өту маңызды. Жоба аясында алғашқы жылдық есепті аяқтап, біз 300 гектарға сәбіз және 600 гектарға картоп өндіретін ірі колхоз шаруашылығына шықтық – олардың миллиардтаған өндірісі бар. Тестілік тексерулерден кейін біздің өнімдеріміз оларға ұнады, олар бізбен жұмыс істеуге дайын» - дейді ол.

«Өнімді инновацияларды ынталандыру» – отандық ғалымдарға берілген мүмкіндік

Оның ойын газ әйнек және пеностеклобетондар өндірісінің энергия үнемдеу технологияларымен айналысатын, Escolit компаниясының директоры Сағат Уәлиев жалғастырды. Сағаттың айтуынша, "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасының менеджерлері грантты алғаннан кейін туындаған қиындықтарды жеңуге көмектескен.

«2018 жылдың желтоқсанында грантқа ие болған кезде, біздің қуанышымызға шек болмады. Дегенмен бұрын мұндай заттарды көрмегендіктен өзіміз түсінбейтін қиыншылықтармен бетпе-бет келдік. Тіпті біз сатып алу және іріктеу рәсімін қалай өткізу керектігін де түсінбедік. Алайда, бақытымызға орай, бізге ЖБТ-тың менеджерлерімен бірге құзыретті фидуциарлы нұсқау жіберілді. Тіпті сатып алу рәсімін қалай дұрыс жүргізу керектігін түсіну үшін бізге арнап оқыту семинарын өткізді. Біз шын мәнінде мол тәжірибе жинақтадық. Себебі бастапқыда көп нәрсені білмей, теоретиктер ретінде, ғалымдар ретінде, біз өндірісті ұйымдастыруда барлығы оңай деп ойладық» - дейді Сағат Уәлиев.

Ол өз жұмыс тәжірибесінен мысал келтіруді де ұмытпады.

«Мысалы, біз шыны қосылған пенобетон өндіруге арналған техникалық құжаттаманы әзірледік. Ал біздің тәжірибемізде мұндай желілер бұрын болған жоқ. Және әрбір зауыт өз желісін тәжірибе үшін қайта құруға бара бермейді. Бірақ біз ЖБТ-мен бірге барлық қиындықтарды жеңеміз. Біз өнім бірегей және қызықты екенін дәлелдейміз. Өзіңіз ойлап көріңіз: шыныны екінші рет пайдалану құмды карьерлер сияқты табиғи ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік береді. Бізге біраз уақыт қалды: жазда біз өндіріске шығамыз» - дейді компания басшысы.

Оның айтуына қарағанда технологиялық брокерлер оларға серіктестер іздеуге көмектеседі.

«Көптеген семинар өткізілді. Бұл еңбектің өзі өте қызықты. Ең бастысы - қаражат оңайға келмейтінін түсіну. ЖБТ менеджерлері бізді жетелейді, қателіктер жібермеуге шақырады. Жобаның, Үкіметтің қолдауы арқасында қазақстандық ғалымдар өз ойларын дамытуға мүмкіндік алды. Сіз бір ғана қызығушылықпен немесе несие алуымен ондай нәрсені жасап не сатып ала алмайсыз. Сондай-ақ, кез келген банк мұндай тәуекелге бармайды. Біз үшін ең маңыздысы – коммерцияландыру деген не және оны қалай жүзеге асыру керектігін түсіндіргені. Алдағы уақытта ЖБТ менеджерлерінің санын ұлғайтқымыз келеді. Себебі бір адамның бірнеше ірі жобаны жүргізуі қиын екенін көрдік» - дейід ол.

«Өнімді инновацияларды ынталандыру» – отандық ғалымдарға берілген мүмкіндік

Ал "Қалаларды көгалдандыруда өнеркәсіпті пайдалану үшін ағаш өсімдіктерін микроклоналды көбейту технологияларын коммерцияландыру" жобасының жетекшісі Алмагүл Кәкімжанова даму мен прогрестің әр кезеңінде ЖБТ менеджерлерінен күнделікті қолдау тапқаны туралы айтты.

«2016 жылы біз грантты жеңіп алған кезде қуанғанымызды несін жасырайын. Оның үстіне біздің жобаның мақсаты - ағаш отырғызудың саны мен сапасын арттыру. Жоба қолдау тапты, қаражат бөлінді. Енді оны қашан және қалай жүзеге асырамыз деген сауал тұрды. Осы кезде бізге ЖБТ менеджерлері мен технологиялық брокерлер көмекке келді. Олар біздің әр қадамымызды бақылап, кішкентай баладай жетелеп, «мұны осылай жасау керек» деп көрсетіп отырды. Бізге үйретіп, көмектесіп, дамытты» - дейді ол.

Сондай-ақ, Алмагүл ЖБТ менеджерлерінің көмегімен Ұлттық биотехнология орталық аллеясына көшуді жоспарлап отырғанын атап өтті.

«Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасарымен келіссөз жүргізіліп, барлығы бекітілді және мақұлданды. Біздің артықшылығымыз – Қазақстанның климаттық жағдайларына бейімделген шағын көшеттерді көбейтпекпіз. Солтүстік, Орталық және Батыс Қазақстанның күрт континенттік климатына сәйкес Қазақстан қалаларын көгалдандыру үшін отандық мәдениетті дамытуға қалай көмектесу керек екендігін қарастырудамыз» - дейді Алмагүл Кәкімжанова.

Оның айтуына қарағанда, "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасы көзқарасты толығымен өзгерткен.

«Бұрын біз ғалым ретінде ойладық: тәжірибе қоямыз және 10 немесе 100 пробиркаға үлгілерді саламыз. Бұл жерде тек тәжірибе ғана емес, сонымен қатар технологияны әзірлеу, өңдеу және ауқымды зат шығу. Ал қазіргі кезде біз ғалымдық көзқараспен қатар іскер, кәсіпкерлер ретінде де ойлай бастадық» - дейді жоба жетекшісі..

Алайда, "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасының арқасында жаңа білімді жинақтау ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның ірі компанияларымен әріптестік жүзеге асырылып жатыр. "Биологиялық препаратты алу және мұнаймен ластанған топырақты тазарту технологиясын жетілдіру" жобасының жетекшісі Нәзира Молдағұлова бұл тұрғыда айтары бар маман.

«Жоба бізге дербес ұйым болуға және ұжымды кеңейтуге көмектесті. Егер бастапқыда біздің жобада 6 адам болса, қазір – 15 маман бар. Оның бесеуі – ғылыми дәрежелі маман. Біздің технологияға Батыс Қазақстанның жартысына жуығы қызығушылық танытты. Біз "Қаражамбасмұнай" АҚ-ның 200 гектар аумағын тазалауға шарт жасастық. Жақында Маңғыстау облысынан филиал ашпақпыз. Бізде асфальты шайырлы-парафинді фракцияны тазарту бойынша мол тәжірибе бар. Бұл маңызды. Мұндай фракцияны Қазақстанда да, шетелде де ешкім тазаламайды. "Қаражамбасмұнай" базасында шайырдан тұратын топырақты тазалауға тырысқан 100-ден астам компания жұмыс істеді. Біз жүргізген тәжірибеміз бір ай ішінде осы учаскенің топырағын тазарта аламыз деп көрсетті. Биопрепараттарды өзгертпей, тек технологиялға өзгеріс енгізу керек. Компания болуы үшін өз қызметтерін сата білу, маркетингтік қызметтер мен өнім ассортиментін дамыту қажет екенін ЖБТ менеджерлерінің арқасында түсіндік» - дейді ол.

Өз тарапынан Genesis.kz ЖШС Бас директоры Александр Шустов Қазақстан Үкіметінің қолдауына ие болған жобалар ретінде Дүниежүзілік банкпен бірлескен жобаны пайдаланды. Осы арқылы ол жеке немесе жергілікті ғана емес, жаһандық жобаны жүзеге асырған. Ол Қазақстанның ЕурАзЭҚ кеңістігінде селекциялық-асылдандыру жұмыстарына заманауи технологияларды енгізу бойынша көшбасшы болғанын айтты.

«Мен ірі қара малды генотиптеумен айналысамын - яғни малдың ДНК-сын зерттеймін. Сондай-ақ, Қазақстанның асыл тұқымды Палаталары мен фермерлері үшін ауыл шаруашылығы жануарларының тұқымдық ерекшелігін растаймын. Әрине, ЖБТ-ның білікті менеджерлердің қатысуынсыз біз мемлекеттік органдармен тікелей қарым-қатынас жасап, өз жобасының жұмысын ұйымдастыра алмас едік» - дейді ол.

Ол ЖБТ мамандарының көмегімен шешімін тапқан бір жобаны мысалға келтірді.

«Біздің күш-жігерімізбен және ЖБТ мамандарынің көмегімен табысты шешілген бір оқиға туралы айтып бергім келеді. Бұл – секвенсер немесе геномдық анализаторды сатып алу жөнінде. Жұмыс үшін бізге өте мамандандырылған, қымбат құрал–жабдықтар қажет еді. Ал ол секвенатордың құны 107 миллион теңге. Дүниежүзілік Банктің ережелеріне сәйкес бұл жабдықты біз ұлттық конкурстық сауда шеңберінде ғана сатып ала алдық, бұл өте күрделі рәсім болып шықты. ЖБТ жұмысының тағы бір жағымды әсерлерің бірі ретінде, жеке тәжірибе алғанымды айта аламын. Мысалы, мен бұрын Ресей мен АҚШ-тың ғылыми ұйымдарында жұмыс істеген адаммын. Алайда, мұның бәрі ғылыми ұйымдардағы қызмет еді. Сондықтан болар, мен әуелі компанияны басқаратынымды, шағын болса да, нарықта табысты жұмыс істейтінімді елестете алмадым. Дегенмен, маған «Қазақстанда сенің кәсіби білімің мен қоғамға тигізер пайдаң материалдық пайдаға айналғанда ғана алға жылжуың мүмкін» деген сезім пайда болады» - дейді Александр Шустов.

Ал BioMix компаниясы ғалымдарының өнертабысы EXPO-2017 көрмесінде қазақстандық павильонда көрерменнің көзайымына айналған болатын. Белсенді микроорганизмдермен канализациялық ағындарды жинаушы көлдерді биологиялық тазартумен айналысатын компания басшысы Марат Құрағанов өз мүмкіндіктерінің сырын айтты.

«Біз Елбасының айтқан экологиялық бағдарламаларды жүзеге асыруға қатысқымыз келеді. Естеріңізге сала кетейік, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев су ресурстарының ластануына назар аударды және бұл-үлкен экологиялық мәселе екенін айтқан болатын. Мысалы, Қопа көліндегі зиянды заттардың жоғары концентрациясы. Оның жағасында Көкшетау қаласы орналасқан. Біз ЖБТ арқылы жабдықтарды сатып алу мәселесін шешуге мүмкіндік алдық. Брокерлер мен ЖБТ менеджерлері тарапынан келген көмек бізге қысқа мерзімде биомасс өндірісі үшін жабдықты сатып алуға және жобамызды одан әрі ілгерілетуге мүмкіндік берді» - дейді Марат Құрағанов.

"Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасының жеңімпаздары бірнеше рет кездесу барысында ЖБТ менеджерлерінің арқасында командалық жұмысқа үйренгенін атап өтті. Ең жарқын мысалдардың бірі – 2013 жылдан бастап органикалық егін шаруашылығымен айналысатын "Еңбек" ЖШС компаниясының басшысы Қуаныш Рақышев. 

Ол органикалық ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру үшін биосубстраттар өндіру бойынша жасыл технологияларды енгізумен айналысады. Бұл жобада органикалық ауыл шаруашылығы дақылдарын (бидай, жасымық, бұршақ, зығыр және т. б.) өсіру үшін сұйық биосубстраттың инновациялық технологиясы мен қайта өңделген қидан инновациялық жалған материалдарды алу технологиясы сатып алды.

«Мен өз жолымды Қазақстанда органикалық тыңайтқыштар үлкен көлемде өндірілмейтінін түсінуден бастадым. Ал ол маған қажет болды. Мен осы жобаның грант алушысы – Biomix-ке хабарластым. Менің жұмысым туралы көбірек білген соң, олар маған бағдарламаға қатысуға кеңес берді. Әуелі бас тарттым, себебі жұмыс істеуге керек. Бірақ кейін байқап көрдім, нәтижесінде өндірістік сектор консорциумының грантына ие болдым. Рас, қиын болды. Мен тендерлерді, сатып алуларды және т.б. түсінбедім. Алайда, ЖБТ менеджерлерімен бірлесіп жұмыс істеу керек деген ой келді. Мен олардың көмегіне жүгіндім» - дейді Қуаныш Рақышев.

"Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасының негізі – ғылым мен бизнесті біріктіру. "Бионикл" жобасының ғылыми жетекшісі Зенегүл Сармузинаның пікірінше, дәл осы "өнімді инновацияларды ынталандыру" оларға өз идеяларын қағаздан өмірге көшіруге мүмкіндік берді.

«Ecosave компаниясында біз ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру үшін биосубстрат өндіру бойынша жасыл технологияларды енгізумен айналысамыз. Яғни, біз ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіруге ықпал ететін сұйық биобұрқақты сұрыптаймыз. Тыңайтқыш өндіріледі, бірақ бұл саланы дамыту үшін жеткіліксіз. Өз өнімдерін кеңейту және халықаралық нарыққа шығу үшін биосубстрат өндірісін ұлғайту қажет. Біздің жобамызда өте үлкен әлеует бар, онымен жұмыс істеу және дамыту қажет. Жоба ғалымдарға өз әлеуетін жүзеге асыруға ғана емес, сонымен қатар өз жобасын коммерциализациялауға да, одан табыс табуға да бірегей мүмкіндік береді. Бұл, менің ойымша, ғалымдар жақсы ақша таба алатын жалғыз бағдарлама. Қазіргі уақытта ешқандай басқа бағдарлама мұндай мүмкіндіктер бермейді» - дейді Зейнегүл Сармурзина.
Өзгелердің жаңалығы