Оқушылар бірінші тоқсанда қашықтан оқи ма?

2 Тамыз 2021, 10:10
4921
Бөлісу:
Оқушылар бірінші тоқсанда қашықтан оқи ма?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Оқушылар бірінші тоқсанда қашықтан білім алады» деген ақпарат жалған. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әлеуметтік желілерде «Қазақстандықтар жаңа оқу жылының бірінші тоқсанында қашықтан білім алады екен, бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов брифингте мәлімдеді» деген жалған ақпарат тарап жатыр.

Асхат Аймағамбетов брифингтерде мұндай мәлімдеме жасаған жоқ. Оқыту форматы туралы шешімді коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия, елдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері және өңірлердің бас санитарлық дәрігерлері қабылдайды, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы