Оңтүстік Кореяда коронавируспен күресетін робот таныстырылды

22 Шілде 2020, 04:29
1547
Бөлісу:
Оңтүстік Кореяда коронавируспен күресетін робот таныстырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оңтүстік Кореяда бірегей робот таныстырылды, деп хабарлайды "Хабар 24".

Ол өз бетінше бөлмелерде дезинфекция жүргізіп, небәрі 30 секундта бактерияларды 100 процент жояды. Және жұмысын аяқтаған соң бірден иесіне хабар береді екен. Жоба авторларының айтуынша, жаңа құрылғы жыл басында дайын болған. Алайда пандемияға байланысты екі ай бұрын оған біршама өзгертулер енгізіліпті.
Робот 24 сағат бойы үздіксіз жұмыс істей алады. Ал оның 2 батареясын қуаттауға шамамен 4 сағаттай уақыт қажет. Жалпы бұл құрылғыны ауруханаларда пайдалануға болады. Қазір бұл роботқа Америка мен Оңтүстік-шығыс Азия елдерінен көп тапсырыс түсіп жатыр, –  дейді өндіруші компанияның менеджері Ли Ён Гын.

Өзгелердің жаңалығы