Павлодардың тұрақтандыру қорына дәрілік заттар жеткізілді

22 Шілде 2020, 03:25
1191
Бөлісу:
Павлодардың тұрақтандыру қорына дәрілік заттар жеткізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дәрі-дәрмектер мен жеке қорғаныс құралдары ертең бөлшек сауда дәріханаларына жеткізілетін болады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Алматыдан көтерме жеткізушілердің қоймаларына 31 позиция бойынша 96 мыңнан астам қаптама мен флакон антибиотик, антикоагулянттар, дене қызуын түсіретін және вирусқа қарсы препараттар жеткізілді. Сонымен қатар өңірге 500 мың медициналық бетперде келіп түсті.

Бір тәулік ішінде көтерме саудагерлер дәрі-дәрмектердің барлығын түсіріп, қабылдайды. Содан кейін тауар дәріханаларға жеткізіле бастайды. Бүгін жеткізушілер дәрі-дәрмектері бар тағы бір жүк көлігін күтуде.
Біз дәрі-дәрмектерге өтінімді дәріханаларымыздың қажеттіліктеріне және олардың дәрі-дәрмекке деген сұранысын ескере отырып жібереміз. Біз жергілікті Фармацевтер қауымдастығымен меморандумға қол қойдық. Осы орайда, дәріханалар желісіне дәрі-дәрмектер жіберілетін болады. Біз өңіріміздегі барлық дәріханаларды қажетті дәрі-дәрмектермен қамтуды жоспарлап отырмыз, – деді Павлодар облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Жайық Хасанов. 
Арнайы бақылау топтары алып-сатарлықты болдырмас үшін бір адамға дәрі-дәрмектің белгілі бір мөлшері ғана берілуін қадағалайтын болады. Сонымен қатар тексерушілер дәрі-дәрмектердің шекті бағасының сақталуын бақылап отырулары керек.

Естеріңізге сала кетейік, дәрі-дәрмекті тұрақтандыру қоры Павлодар облысы әкімінің тапсырмасымен құрылған болатын. Ол үшін "Павлодар" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы мен ірі фармацевтикалық компания өңірдің дәріханаларында дәрі-дәрмектердің тұрақты қорын құру мақсатында дәрі-дәрмектердің қосымша көлемін жеткізуге келісті. Бұл үшін фармацевтикалық компанияға оны өтеу және мақсатты пайдалану шарттары бойынша 220 миллион теңге көлемінде несие берілді
Өзгелердің жаңалығы