Бас жаңалықтар
Нығматулин коронавирустан емделіп шықты
02 Шілде 2020, 09:33 113

Нығматулин коронавирустан емделіп шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұрлан Нығматулин коронавирустан емделіп шықты. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады. 

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин коронавирус инфекциясынан емделіп шықты. Медициналық хаттамаға сәйкес, Мәжіліс төрағасы коронавирусты бақылау тестінен өтіп, тест вирустың жоқ екенін көрсетті, - делінген хабарламада. 
Естеріңізге сала кетейік, Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин өзін-өзі оқшаулау режиміне ауысып, қашықтан жұмыс істеген болатын. 

Фото: дереккөз
Загрузка...