Нұрлан Нығматулин өзін-өзі оқшаулау режиміне ауысты

17 Маусым 2020, 09:40
1069
Бөлісу:
Нұрлан Нығматулин өзін-өзі оқшаулау режиміне ауысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин өзін-өзі оқшаулау режиміне ауысты. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.

Мәжіліс спикері қатаң карантиндік шараларды сақтаған, соңғы айда қашықтан жұмыс істеген, пленарлық отырысты есептемегенде ешкіммен тікелей жақын қатынаста болмаған. Нұрлан Нығматулин әрбір пленарлық отырыс алдында коронавирус инфекциясына тест тапсырып келген.

Ол 9 және 11 маусымда Денсаулық сақтау министрін қабылдаған болатын.

Елжан Біртановтан коронавирус анықталғаннан кейін Мәжіліс спикері 16 маусымда кезекті рет тест тапсырды. Өкінішке қарай, бұл жолғы тест оң нәтиже көрсетті. Алайда ауру белгілері байқалмайды.

Бекітілген протоколға сәйкес, Нұрлан Нығматулин оқшаулануға кету туралы шешім қабылдады.

Қазір Мәжіліс төрағасы қашықтан жұмыс істеуде.

17 маусымға жоспарланған Мәжілістің пленарлық отырысын оның орынбасары өткізеді.


Өзгелердің жаңалығы