Нығматулин ауғанстандық әріптесімен кездесті

22 Қыркүйек 2019, 18:01
1651
Бөлісу:
Нығматулин ауғанстандық әріптесімен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің Еуразия елдері Парламенттері спикерлерінің 4-кеңесіне қатысуға келген әріптестерімен кездесуі барысында Ауғанстан парламенті Волеси Джирга төрағасы Мир Рахман Рахмани бастаған делегацияны қабылдады.

Мәжіліс төрағасы атап өткендей, Ауғанстан Ислам Республикасы Қазақстанның Орталық Азиядағы маңызды саяси әріптесі. Қазақстан аталған елдегі жағдайды тұрақтандарыу бойынша халықаралық қауымдастық күшіне өз үлесін қоса отырып, қаржылық, техникалық және гуманитарлық көмек көрсетуді жалғастыратын болады. 

Өз кезегінде Мир Рахман Рахмани Ауғанстанға Қазақстан тарапынан көрсетіліп жатқан көмек үшін, соның ішінде, Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев бастамашы болған ғылым, білім жобалары үшін алғысын білдірді. Тараптар 65 елдің өкілдері жиналған беделді форум қатысушы барлық елдерге жан-жақты тиімді және пайдалы пікір алмасуға мүмкіндік беретініне сенім білдірді. Мәртебелі мейман арнайы шақыру үшін алғысын жеткізді.



Өзгелердің жаңалығы