Nur Otan партиясының кезектен тыс XIX съезі. Live

23 Сәуір 2019, 09:00
14234
Бөлісу:
 Nur Otan партиясының кезектен тыс XIX съезі. Live
PHOTO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, Тәуелсіздік сарайы, BAQ.KZ тілшілері Рахиля Бекназарқызы, Қымбат Елтайқызы.


Бүгін, 23 сәуір күні - Nur Otan партиясының кезектен тыс XIX съезі. Жиынға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысады.


Партияның XVIII съезі биыл 27 ақпан күні өткен болатын. Оның қорытындысы ретінде - партияның 2030 жылға дейінгі бағдарламасы қабылданған еді. Бүгінгі XIX съезд соңғы кездегі еліміздің саяси өміріндегі маңызды оқиға - Президент сайлауына тікелей байланысты. Кеше өткен Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің отырысында XIX съезде - партия атынан Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ұсыну туралы мәселе көтерілген болатын.


ЖАҢАРТУ



Кулуардан.

Жақсылық Үшкемпіров:

- Әрине, бүгін тарихи күн болды, Қасым-Жомарт Тоқаевты кандидат етіп сайладық. Енді маусымның тоғызы күні үлкен жиында бәріміз соған дауыс береміз деп уәделестік. Мұндай азаматымызды қолдауымыз керек. Қазақтың біртуар ұлы деп айтуға болады. Қасым-Жомарт Кемелұлын бәріміз де қолдаймыз. Неге десеңіздер, оның өткен өмір жолының бәрі бізге мәлім, елімізге еңбегі сіңген азамат.


13:18 - Съезден барлығы 196 журналист ақпарат таратты.


12:56 - Назарбаев пен Тоқаев та әнге қосылды. Елбасы көзіне жас алып, съезге қатысушылар Тұңғыш Президентті қошеметпен шығарып салды.


12:55 - Съезд аяқталды. Назарбаев, Тоқаев пен съезге қатысушылар «Елім менің» әнін орындап тұр.


12:54 - Назарбаев көзіне жас алды.

12:53 - Елбасы сөзін аяқтаған соң, Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолын алып, қолдау көрсетті.


12:52 - Назарбаев:

- Бүгін кандидат ретінде Тоқаевты ұсынып отырмыз, бірақ қайтып мені ұсынып отырғандай күйдеміз (күлді).


12:52 - Назарбаев:

- Барлығымыз Тоқаевты бірауыздан қолдайық, сайлайық.


12:51 - Назарбаев:

- Егер мен осы уақытқа дейін сенімге жауап бере отырып, міндетімді орындаған болсам, бақытты адаммын. егер мен осындай шешім қабылдаған болсам, жайдан-жай емес. Қаншама рет ойландым, бір күнде шешім қабылдамадым.


12:45 - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев:

- Бәріміз бірлік үшін жұмыс істейміз.

Тұңғыш президент баршаға зор денсаулық пен елімізге өркендеу тіледі. Осы үшін аянбай еңбектену керек деді.


12:43 - Нұрсұлтан Назарбаев:

- Nur Otan партиясы атынан Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдағандарыңыз үшін алғысымды білдіремін.


12:42 - Мәулен Әшімбаев Партия жарғысына сәйкес ҚР Президенттігіне үміткерлікке Қасым-Жомарт Тоқаевты ұсынды. Съезге жиналғандар дауыс берді. Nur Otan партиясының кезектен тыс XIX съезіне қатысушылар дауыс беріп, Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидаттығын бірауыздан қолдады.

- Құрметті партияластар, бүгінгі съезге Нұрсұлтан Назарбаев партия жарғысына сәйкес ҚР президенттігіне кандидат ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевты ұсынды. Жарыссөзге қатысқан съезд делегаттары өз тарапынан партия Төрағасын толық қолдады. Қазір ҚР президенттігіне үміткерді ұсыну бойынша шешім қабылдау керек. Қаулы мәтінін оқып берейін. ҚР Сайлау туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 55-бабына сәйкес, Nur Otan партиясы қоғамдық кеңесінің XIX съезі қаулы етеді: Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат ретінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ұсынылсын. Осы мәселені дауысқа саламыз, кім осы ұсынысты қолдайды? Кім қарсы? Қарсы болғандар жоқ. Nur Otan партиясының XIX съезінің шешімімен Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР президенттігіне кандидат ретінде ұсынылады.


12:33 - Қасым-Жомарт Тоқаев:

- Тұңғыш Президентіміздің жеңісті, жемісті жолын жалғастыруды мен аса мәртебелі, қасиетті парыз деп санаймын.

...Мен дәстүр сабақтастығын сақтай отырып, игілік және әділет жолын ту етіп, қарқынды дамуды жалғастыруға бар күшімді саламын.


 Nur Otan партиясының кезектен тыс XIX съезі. Live

12:32 - Сөз Қасым-Жомарт Тоқаевқа берілді.


 Nur Otan партиясының кезектен тыс XIX съезі. Live


12:24 - Дәурен Сейітқалиев:
- Тәуелсіз мемлекетеміз 28-де, мен де 28-демін. Тәуелсіздік ол менің құрдас дәуірім, мәңгілік еліміздің тұғыры. Сондықтан біз оны бағалауымыз керек.


 Nur Otan партиясының кезектен тыс XIX съезі. Live

12:20 -  Қызылорда қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің ұстазы:

- Нұрсұлтан Әбішұлы, сіз - қазақ ұлтының ұстазысыз. Жаһандық дәрежеде бастауыш білімді қалыптастыру бойынша 137 елдің ішінде Қазақстан төртінші орында.


 Nur Otan партиясының кезектен тыс XIX съезі. Live

12:16 - Павлодар облыстық №1 перинаталдық орталығының бас дәрігері Айман Оспанова өңіріндегі медициналық жетістіктерге тоқталды.

Айман Оспанова кезінде Назарбаев айтқан анекдотты айтып, Елбасы мен жиналған жұртты күлдірді. Ол «Құдай беген дәрігер, «Құдай үшін» деген дәрігер және «Құдай сақтасын» деген дәрігерлер болады» деді.


12:10 - Нұртөре Жүсіп:

- Мемлекет болып қалыптасудың ең қиын кезеңінен өттік. Осы жылдары БАҚ өкілдерінің де сіңірген еңбегі орасан зор.

Уақыт зымырап өтеді. Кешегі күн қандай, бүгінгі күн қандай. Қиын күндерден өттік. Осы жылдар аралағында ұлттық баспасөз қызметіміз қалыптасты. Ақиқатты жоқтаған, алты ауыз сөзге тоқтаған елміз. Осы орайда бір нәрсені баса айтқым келеді. Қазақтілді басылымдар тәуелсіздіктің жақтастары болды. Ақпарат саласының өкілдері халық және мемлекет алдындағы мақсат-міндетін біледі.

...Келешегіміз кемел, жетістігіміз жедел болсын!



 Nur Otan партиясының кезектен тыс XIX съезі. Live

12:08 - «Айқын» газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп сөз сөйлеп жатыр.


 Nur Otan партиясының кезектен тыс XIX съезі. Live

12:07 - Келесі сөз кезегін "Силумун Восток" ЖШС директоры Зоя Новолодская жалғастырып, Совет үкіметі кезіндегі қиын жағдайларды еске алды. Ол Nur Otan партиясының президенттікке үміткері Қасым-Жомарт Тоқаевты толық қолдайтынын жеткізді.


12:03 - Съезге қатысып отырғандар қатарында Гүлшара Әбдіқалықова, Даниал Ахметов, Бердібек Сапарбаев, Мұхтар Құл-Мұхаммед, Бекболат Тілеухан, Жансейіт Түймебаев, Алик Шпекбаев пен басқа да тұлғалар бар.




 Nur Otan партиясының кезектен тыс XIX съезі. Live

11:55 - Съезде «Атамекен» ҰКП төрағасы Абылай Мырзахметов сөз сөйлеп жатыр. Ол Қазақстанға шетелдік инвестициялар көп тартылып жатқанын айтты.


11:54 - Жақсылық Үшкемпіров: Біз Қасым-Жомарт Тоқаевты бірауыздан қолдаймыз.



 Nur Otan партиясының кезектен тыс XIX съезі. Live

11:50 - Келесі сөз спорт ардагері, Қазақстанның еңбек ері Жақсылық Үшкемпіровке берілді. Жиналған жұрт Олимпиада чемпионына қошемет көрсетті.


11:47 -  Ирина Аронова: Бүгін Қазақстанның көпұлтты халқы өз Елбасын қолдайды.


 Nur Otan партиясының кезектен тыс XIX съезі. Live

11:43 - Келесі сөз Мәжіліс депутаты Ирина Ароноваға берілді.

11:42 - Ноғаев: Елбасы - сіз әлем мойындаған саясаткерсіз... Президенттік өкілеттігіңізді тоқтатқан мәлімдемеңізді Атырау облысының тұрғындары алаңдаушылықпен қабылдағаны рас.


 Nur Otan партиясының кезектен тыс XIX съезі. Live

11:41 - Нұрлан Ноғаев: Еліміз мұнай өндіретін алпауыт елдердің қатарына кірді. Үш мұнай өңдеу зауытымыз бар.


11:39 - Сөз Атырау облысының әкімі, Nur Otan партиясы Атырау облыстық филиаланың төрағасы Нұрлан Ноғаевқа берілді.

11:35 - Әділ Ахметов: Қасым-Жомарт Кемелұлы қай салада болмасын, үлкен жауапкершілікпен көзге түскен. Оның биік парасатты президент болатынына сенімдімін.


 Nur Otan партиясының кезектен тыс XIX съезі. Live

11:33 - Сөз қоғам қайраткері Әділ Ахметовке берілді.


11:32 - Назарбаев: Алға, Nur Otan, алға, Қазақстан!


11:30 - Тұңғыш Президент сайлау науқаны мен сайлау кезінде заманауи жоғары технологияларды пайдалануды тапсырды.


11:29 - Съезд қатысушылары Назарбаев Қасым-Жомарт Тоқаевты ҚР Президенттігіне үміткер ретінде ұсынғанда қол шапалақтап, қошемет білдірді.


11:28 - Елбасы елімізде сайлау науқаны жоғары деңгейде өтетініне сенім білдірді.


11:27 - Назарбаев: Nur Otan партиясы атынан баршаңызды Тоқаевты қолдауға шақырамын.




 Nur Otan партиясының кезектен тыс XIX съезі. Live

11:25 - Назарбаев: Қасым-Жомарт Тоқаевты ҚР Президентіне үміткер ретінде ұсынамын...

Назарбаев Тоқаев әлеуметтік салада көптеген жұмыс атқарғанын айтты. «Ол маған сенімді серік болды. Мен оған толық сенемін және оны лайықты азамат деп сенемін. Ол менен бір мүшел жас кіші».


11:24 - Назарбаев: Сайлауда халқымыз дұрыс шешім қабылдайды деп сенемін.


11:21 - Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын одан әрі жалғастыратынын, қызметін белсенді түрде жүргізетінін айтты.


11:20 - Назарбаев: Елдің бұрынғы басшысы ретінде мені елімнің болашағы уайымдатады.


11:16 - Назарбаев: 30-ға жуық жыл бойы халық маған сенді. Қандай қиын кезең болмасын, халқым менің соңымнан ерді. Сол үшін еліме ризамын, алғысым шексіз.



11:15 - Назарбаев: Бүгін Қазақстан бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кірді... Елдегі кедейлік деңгейі 10% төмендеді.


11:13 - ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев съезд жұмысын бастап кетті.


11:12 - Бүгінгі күн тәртібінде Саяси кеңестің ұсынысы бойынша ҚР Президенттігіне үміткерді ұсыну мәселесін делегаттар бірауыздан қолдады.



 Nur Otan партиясының кезектен тыс XIX съезі. Live

  Nur Otan партиясының кезектен тыс XIX съезі. Live

11:06 - Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев съезді ашық деп жариялады. Қазір қатысушылар мемлекеттік әнұран орындап жатыр.


11:04  - Nur Otan партиясының кезектен тыс съезіне Қазақстанның Тұңғыш Президенті, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев келді.


 Nur Otan партиясының кезектен тыс XIX съезі. Live

11:02 - Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов:

- Түркістан облысынан 62 азамат келді. Бәрінің ниеті және алға қойған мақсаты жоғары. Nur Otan сөздің партиясы емес, істің партиясы. Президенттікке кім үміткер болуы мүмкін екенін білмейміз. Бірақ кімді ұсынса да, бір ауыздан қолдаймыз. Президенттікке лайықты азаматтар көп.




 Nur Otan партиясының кезектен тыс XIX съезі. Live


10:57 - Съезге жиналғандардың отырғызу тәртібі: Келген қонақтар 12 секторға жайғастырылып жатыр.

1-секторға Мәжіліс депутаттары мен Саяси кеңес мүшелері;

2-секторға ШҚО, Ақтөбе, Жамбыл облыстарынан партияның республикалық филиалдарының мүшелері;

3-секторға ОБРК, Сенат пен Мәжіліс аппараты, Партия ардагерлері, азаматтық қоғам өкілдері, блогерлер, мемлекеттік және қоғам қайраткерлері;

4-секторға СҚО, БҚО, Қызылорда облысынан партияның республикалық филиалдарының мүшелері;

5-секторға Партия орталық аппараты Республикалық қоғамдық штабына мүшелікке кандидаттар;

6-секторға Мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар;

7-секторға БАҚ, Партияның республикалық филиалдары;

8-секторға халықаралық ұйымдардың дипломатиялық корпусы;

9-секторға Сенат депутаттары, Қарағанды және Маңғыстау облыстарынан партияның республикалық филиалдарының мүшелері;

10-секторға Ақмола, Түркістан, Павлодар облыстары мен Шымкент қаласынан партияның республикалық филиалдарының мүшелері;

11-секторға Атырау облысы, Алматы, Шымкент, Нұр-Сұлтан қаласынан партияның республикалық филиалдарының мүшелері және әкімдер;

12-секторға Атырау, Қостанай, Павлодар, Алматы облыстарынан партияның республикалық филиалдарының мүшелері жайғасты.



 Nur Otan партиясының кезектен тыс XIX съезі. Live


10:45 - Сенатор Бірғаным Әйтімова:


- Мен Nur Otan партиясынан президенттікке кім үміткер болатынын әзірге білмеймін. Менің ойымша, бүгінгі съезде бір ғана кандидат ұсынылады. Соны біз қолдаймыз. Дегенмен, енді қараймыз, кім болса да, өзім ұнататын адам болса, дауыс беремін. Ұнатпайтын болса, бейресми қалып қоюым мүмкін. Менің ойымша, әрбір партияның өзінің мүмкіндігі бар. Партияның саясатқа араласқан адамдары болса, үміткерлері болса, олар шынында да үлкен спектрден хабардар болуы тиіс. Әйтпесе, ештеңені білмеген кісі қалай біздің көшбасшымыз бола алады?

«Ал Қазақстанның президенті әйел адам болуы мүмкін бе?» деген сұрағымызға Әйтімова ханым «Why not? Неге болмайды? Болуы мүмкін» деп жауап берді.


WhatsApp Image 2019-04-23 at 09.42.50.jpeg


10:43 -  Съездің басталуын "ұзақ" күткен өңірлік делегаттар орындарынан тұрып, селфи жасап жатыр.




WhatsApp Image 2019-04-23 at 09.42.28.jpeg

10:42 - BAQ.KZ: - Президенттікке кім үміткер болуы мүмкін?

Қанат Бозымбаев:
- Мен білмеймін әлі. Халық қалай шешеді сондай шешімді қабылдаймыз. Айта алмаймын, білмеймін. Ондай ақпарат жоқ. 



 Nur Otan партиясының кезектен тыс XIX съезі. Live

10:31 - Съезге келген қатысушылар басты жиын өтетін залға жиналып жатыр. Кейбіреулер бір-бірімен амандасып, әңгімелесіп жатса, кейбір азаматтар орындарына жайғасуда.



WhatsApp Image 2019-04-23 at 08.44.14.jpeg

10:15 - Nur Otan. Съезд барысында 2019 жылдың 9 маусымына тағайындалған кезектен тыс президенттік сайлауға партия атынан түсетін кандидаттың есімі жария етілетін болады. Қазіргі уақытта партия съезіне өңірлерден келетін делегаттардың саны белгілі болды. Мәселен, Алматы облысынан - 45, Қызылорда облысынан 30 делегат келмек. Жалпы, съезд жұмысына 1500 адамның қатысатындығы жоспарланған.


10:09 - Nur Otan партиясының Тараз қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанәділ Оспанов:
- Кезектен тыс XIX съезде алдағы сайлау науқанына Nur Otan партиясының атынан кандидат ұсынамыз. Сайлауалды бағдарламаға сәйкес, алдағы сайлауға белсенді түрде қатысамыз. Жамбыл облысынан аталған шараға квотаға сәйкес, барлығы 22 делегат келді. Кімдердің президенттікке үміткер болатыны съезд жұмысы барысында барлығы нақты белгілі болады.


 Nur Otan партиясының кезектен тыс XIX съезі. Live

10:05 - Еліміздің әр өңірінен келген делегаттар естелік суретке түсіп жатыр.

 Nur Otan партиясының кезектен тыс XIX съезі. Live

Делегаттар журналистерге сұхбат беріп,  съезге қатысты пікірін білдіріп жатыр.


 Nur Otan партиясының кезектен тыс XIX съезі. Live

10:04 - Жүрсін Ерман:

- Еліміздегі үлкен саяси оқиға. Съездің делегаты емеспін. Шақырылған қонақпын. Nur Otan билеуші партия ғой. «Нұр Отанның» дегені болады. Кімді ұсынса, сол болады деп ойлаймын. Елімізде демократиялық өзгерістер жоқ. Халықтың еркін, халықтың қалауымен шешілетін дәуірге жеткен жоқпыз. Сондықтан мен тосын оқиға болады деп ойламаймын.

Бірақ мақсаты не? Билеуші партия еліміздің әлеуметтік жағдайына, көпбалалы отбасыларға көмек беруге әлеуметтік саясатын әрі қарай жалғастырса екен.




j.jpg

09:44 - Әдеттегідей, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері ерте жиналып жатыр. Олар жиынға таңғы сағат 8.00-ден келе бастады. Осы уақытқа дейін съезге 182 журналист келіп үлгерген, әлі де тілшілер болады деп күтілуде.


Nur Otan, Nurotan, Нұр Отан, Нұротан, съезд, сиез, съез, XIX, 19, он тоғызыншы, Нұр-Сұлтан, Тәуелсіздік сарайы

09:27 - Күн тәртібіндегі басты мәселе – алдағы ҚР Президенті сайлауына қатысу үшін партияның атынан үміткер ұсыну. Съезд жұмысына барлық деңгейдегі депутаттар, Саяси кеңестің мүшелері, партия ардагерлері, облыстық филиалдардың өкілдері, бастауыш партия ұйымдары мен «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері қатысады.

ЖАҢАРТУ



Өзгелердің жаңалығы