Нұр-Сұлтанда базарлар демалыс күндері де жұмыс істейтін болады

5 Наурыз 2021, 04:29
1505
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда базарлар демалыс күндері де жұмыс істейтін болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы шектеу және карантиндік шаралары туралы елорданың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері С.Бейсенованың қаулысы жарияланды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың (ашық ауада) жұмысын, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс және демалыс күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін белгілей отырып ұйымдастыру, - делінген жаңа қаулыда.

Сол сияқты өндірістік кәсіпорындарының барлық қызмет түрлерінің жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, штаттық режимде жұмыс кестесін белгілей отырып ұйымдастыру міндеті де тапсырылды.

Өзгелердің жаңалығы