Бас жаңалықтар
«Нұр-Сұлтан-1 – Шымкент» бағытында жүретін пойыз рейстері саны көбейеді
15 Наурыз 2021, 16:46 221

«Нұр-Сұлтан-1 – Шымкент» бағытында жүретін пойыз рейстері саны көбейеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі № 202/201 «Нұр-Сұлтан-1-Шымкент» бағытындағы жолаушылар пойызының қосымша рейстері туралы хабарлады.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ мереке күндері жолаушылар ағынының ұлғаюына байланысты «Нұр-Сұлтан-1 – Шымкент» бағытындағы №202/201 жолаушылар пойызына қосымша рейстері тағайындалатынын хабарлайды:

- Нұр-Сұлтан-1 стансасынан 2021ж. 19, 22, 26 наурызда жөнелтіледі,

- Шымкент стансасынан 2021ж. 20, 23, 27 наурызда жөнелтіледі.

Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан BILET.RAILWAYS.KZ сайты немесе «ҚТЖ билеттері» мобильді қосымшасы арқылы жол жүру құжаттарын (билеттерін) онлайн рәсімдеуді сұрайды. Сондай-ақ қажет болған жағдайда теміржол билеттерін «Күту парағы» функционалын пайдалана отырып сатып алуға болатындығын естеріңізге салады. Сонымен қатар карантин режиміне байланысты жолаушылардан вокзалдар аумағында және пойыздар ішінде бетперде режимін сақтап жүрулерін сұраймыз, - делінген таратылған ақпаратта.


Фото: дереккөз
Загрузка...