ШҚО тұрғынына ұрланған бір үйір жылқысы қайтарылды

15 Наурыз 2021, 16:32
2151
Бөлісу:
ШҚО тұрғынына ұрланған бір үйір жылқысы қайтарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жарма аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне 27 жастағы Белтерек ауылы шаруа қожалығының басшысы арызбен келіп, қаңтардың ортасында бір үйір жылқысының жоғалып кеткені туралы арызбен жүгінген. Еркін жайылымнан барлығы 24 бас ұрланған.

Жарма аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері полицияның қоғамдық көмекшілерімен бірлесіп іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде 15 күн үздіксіз іздеуден кейін бір үйір мал иесіне қайтарылып, ол іздеуге көрсеткен көмегі үшін Жарма ауданының полицейлеріне алғысын білдірді, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

ШҚО Полиция департаменті мал ұрлығының негізгі себебі малдарын қараусыз жайылымға шығаратын иелерінің салғырттығы екенін атап өтті. Иесіз жайылып жүрген үй жануарлары қаскөйлер үшін оңай олжа болып табылады.

Сонымен қатар қараусыз мал жол-көлік оқиғаларына себеп болады. Себебі соқтығысу салдарынан жануарлар өледі, ал жүргізуші мен жолаушылар жарақат алып, көлік құралдары зақымданады.



Өзгелердің жаңалығы